ҚҰҚЫҚ негіздері


Əскери қызмет бойынша шектеу



Pdf көрінісі
бет242/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   389
 

Əскери қызмет бойынша шектеу 

Əскери қызмет бойынша шектеу жазаның негізгі түрі болып табылады. 

Қылмыстық  кодекстің 44-бабының 1-бөліміне  сəйкес: «келісім-шарт 

бойынша əскери қызмет өтеп жүрген, сотталған əскери қызметшілерге, сондай-

ақ шақыру бойынша əскери  қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің 



295 

 

Ерекше  бөлімінің  тиісті  баптарында  көзделген  жағдайларда  əскери  қызметке 



қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша əскери қызмет 

өтеп жүрген, сотталған əскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің 

тиісті баптарында көзделген түзеу жұмыстарының орнына үш айдан екі жылға 

дейінгі мерзімге əскери қызметі бойынша шектеу тағайындалады.» 

Сонымен,  қылмыстық  заңда  осы  бапты  қолдану  үшін  бірнеше  шарттар 

қарастырылған. Біріншіден, бұл жаза келісім-шарт бойынша əскери қызмет өтеп 

жүрген  сотталған  əскери  қызметшілерге,  екіншіден,  шақыру  бойынша  əскери 

қызметін  өтеп  жүрген  офицерлерге,  үшіншіден,  бұл  жаза  көрсетілген 

адамдардың  тек  əскери  қызметке  қарсы  (Қылмыстық  кодекстің  Ерекше 

бөлімінің 16-тарауы)  қылмыс  жасағаны  немесе  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше 

бөлімінің  тиісті  баптарында  көзделген  түзеу  жұмыстарының  орнына 

қолданылуы мүмкін. 

Қылмыстық  кодекстің 44-бабының 2 бөлігінде  əскери  қызметі  бойынша 

шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның 

лауазымы  көтерілмейді  (батальон  командирі  полк  командиріне,  дивизия 

командирі армия командирі лауазымына);  

2)  осы  жазаны  өтеу  кезінде  сотталған  адамның  кезекті  əскери  атағы 

жоғарыламайды  (мысалы,  лейтенант  аға  лейтенантқа,  аға  лейтенант  капитанға 

жоғарыламайды). Бұл жазаны өтеу мерзімі əскери атақ беру үшін еңбек сіңірген 

мерзімге есептелмейді. 

Қылмыстық  кодекстің 44-бабында  көрсетілмеген  əскери  қызмет  бойынша 

шектеуге жол берілмейді. 

Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44-бабының 1-бөлігінде үш 

айдан екі жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. 

Əскери  қызмет  бойынша  шектеуге  сотталған  адамның  үлес  қаражатынан 

соттың  үкімімен  белгіленген,  бірақ 20 проценттен  аспайтын  мөлшерде 

мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады (44-баптың 2-бөлігі). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет