ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет245/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   389
Бас бостандығынан айыру 

Бас  бостандығынан  айыру  – дегеніміз   сотталға  адамды сот  белгілеген 

мерзімде    күшпен    қоғамнан    оқшаулап,  оны    арнайы      белгіленген    түзеу   

мекемелеріне    орналастыруды  жүзеге    асыру    болып    табылады.  Бас  

бостандығынан  айыру  жазаның  ең  ауыр  түрінің  бірі  болып  табылады.  Бас 

бостандығынан    айырылғанда    сотталған    адамның    құқылық  жағдайы  елеулі 

шектеуге  түседі,  ол    қоғамнан    оқшауланады ,  өз  қалауы    бойынша  еңбек  

қызметін  атқаруға  шек  қойылады,  уақыт  мөлшері  өз  бетімен  пайдалануға  

тежеу  салынады, т.б. 

Бас    бостандығынан    айыру    жазасын    сот    істелген  қылмыстың    қоғамға  

едəуір    зияндылығы    орын    алғанда,  жасалған    қылмыстың    мəнін,  кінəлінің  

жеке  басын  ескере  отырып,  қылмыс  істеген  адамның  бостандықта  жүріп  

түзелуі мүмкін емес,  оның  түзелуі  қоғамнан  оқшаулап  түзеуге  ықпал ететін  

ерекше  шараларды  қолдану  қажет  деп  тапса  ғана қолданылады. 

Бас  бостандығынан  айыру  жазасы  тек  негізгі  жаза ретінде 6  айдан  15  

жылға,  ал  Қылмыстық кодекстің  49 – бабының  1 - бөлігінде  аталған  ерекше  

ауыр    қылмыстар    үшін    20    жылға    дейінгі    мерзімге    не    өмір    бойына  

белгіленеді.  Абайсызда  жасалған  қылмыс  үшін  бас  бостандығынан  айыру 

10  жылдан  аспауы  тиіс. 

Қоғамдық  жұмыстарға  тартуды,  түзеу    жұмыстарын    немесе    бас  

бостандығын  шектеуді бас  бостандығынан  айырумен  ауыстырған  жағдайда  

ол    6    айға  жетпейтін    мерзімге    тағайындалуы    мүмкін.  Қылмыстардың 

жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  кезінде  бас  бостандығынан  айырудың  

ең    жоғарғы    мерзімі      Қылмыстық  кодекстің 49- бабының    3-бөлігінде,  69-

бабының  5-бөлігінде  жəне  75 – бабының  4 - бөлігінде  көзделген  жағдайларда  

– 25 жылдан,  ал  үкімдердің  жиынтығы  бойынша  30  жылдан  артық болмауға  

тиіс. 

Жаңа  қылмыстық  заңда  өмір    бойына    бас    бостандығынан    айыру  



жазасының  шарттары:  адамның    аса    ауыр    қылмыс    жасауы    жəне    бұл 

қылмыстар    бір    немесе    бірнеше    адамдардың    өміріне  қасақаналықпен    қол  

сұғылуы,  бірақ    сот    істің      жеңілдететін  ерекше    мəн – жайларын    жеке  

кінəлінің  жеке  басының жағымды  қасиеттерін   ескере  отырып  өлім  жазасын  

қолданбай-ақ , оның орнына  кінəліге  өмір  бойына б ас бостандығынан  айыру  



298 

 

əйелдерге,  сондай – ақ  18  жасқа  толмай қылмыс  жасаған  адамдарға  жəне  



үкім  шығарылу  сəтіне  65 жасқа  толған  еркектерге  тағайындалмайды. 

Қылмыстық    кодекстің  48-бабының    тараптарына    сəйкес  бас  

бостандығынан  айырылмағандарға  жаза  өтеу  тəртібі белгіленген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет