ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет52/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   389
Азаматты  хабар-ошарсыз  кетті  деп  тану.  АК-тің 28-бабының 1-

тармағына  сəйкес,  азаматтың  тұрғылықты  немесе  басым  уақытта  тұратын 

жерінде  ол  жөнінде  бір  жыл  бойы  деректер  болмаса,  азамат  хабар-ошарсыз 

кеткен  деп  танылады.  Хабар-ошарсыз  кетті  деп  танитын  бір  жыл  мерзім  ол 

туралы  соңғы  мəліметтер  алынған  күннен  басталады  (мысалға,  жоғалған 



102 

 

адамның  соңғы  хаты  немесе  соңғы  қоңырау  шалуы).  Азаматтың  өзі  жəне  ол 



туралы  мəліметтердің  болмауы  оны  хабар-ошарсыз  кетті  деп  тану  үшін 

жеткіліксіз.  Сонымен  қатар,  аталған  тұлғаны  іздестіру  жөніндегі  шаралар 

жүргізілуі  тиіс,  ал  енді  сол  жағдайда,  мекенін  анықтау  мүмкін  болмаса, 

азаматты  хабар-ошарсыз  кетті  деп  тануға  болады.  Хабар-ошарсыз  жоғалған 

тұлғаларды іздестіруді ішкі істер органдары жүзеге асырады. Мүдделі тұлғалар 

хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрғылықты жері бойынша немесе соңғы тұрған 

жері  бойынша  өтініш  жазуға  құқылы.  Негізінен  хабар-ошарсыз  кеткен  адам 

жөнінде  өтінішті  оның  отбасы  мүшелері  ұсынады.  Өтініште  өтініш  жазушы 

үшін  қандай  мақсаттарда  азаматты  хабар-ошарсыз    кетті  деп  тану  керектігі 

көрсетілуі  тиіс.  Азаматты  хабар-ошарсыз  кетті  деп  шешім  шығару  үшін  сот 

туыстарынан алынған сауалнамалар мен өзі қызмет істеген мекемеден алынған 

мəліметтер,  адрестік  бюро  мен  ішкі  істер  органдары  жəне  т.б  салынған 

сұраулардың  жауаптарын  негізге  алады.  Азаматты  хабар-ошарсыз  кетті  деп 

тану  азаматтық  кодексте  жəне  өзге  де  заңнамалық  актілерде  көзделген  ретте 

біраз  құқықтық  зардаптарға  əкеп  соғады.  Хабар-ошарсыз  кетті  деп  танылған 

адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот жаңа шешім 

арқылы бұрынғысынан бас тарту үшін, сотқа азамат тарапынан өтініш жазылуы 

тиіс.  Ол  мүлкіне  қорғаншылық  белгілеу  туралы  шешімнің  күшін  жояды,  ал 

қамқоршылық  жасаған  тұлғадан  мүлікті  сақтау  жəне  басқару  жөніндегі 

міндеттерді  жүзеге  асырудан  бас  тартады.  Асырауда  болған  тұлға  бойынша, 

қарыздарын  төлеу,  мүлкін  басқару  туралы  құқық  жəне  т.б.  міндеттер  қайтып 

келген азаматтың өзі арқылы жүзеге асырылады. 



Азаматты  өлді  деп  жариялау.  Егер  азамат  туралы  үш  жыл  оның 

тұрғылықты  жерінде  үш  жыл  бойы  мəлімет  болмаса,  сот  шешімі  негізінде  ол 

өлді деп жарияланады.  

Азаматты өлді деп жариялау үшін бір ретте келесідей талаптар болуы тиіс: 

Егер  азаматтың  тұрғылықты  жерінде  ол  туралы  үш  жыл  бойы  деректер 

болмаса,  ал  егер  өлім  қатері  төнген  немесе  жазатайым  оқиғаан  қаза  тапты  деп 

жорамалдауға  негіз  болатын  жағдайларда,  оның  жазатайым  оқиғалардан 

жоғалғанын  немесе  өлім  қатері  төнгеннен  бастап  саналатын  алты  ай  мерзім 

ішінде:                                                                              

Жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны жəне т.б 

Жазатайым  оқиғалар – кеменің  төңкерілуі,  ұшақтың  құлауы,  теміржол 

көлігіндегі апат, өрт оқиғалары жəне т.б. 

Бұндай  жағдайдарда  азаматтың  мүрдесі  табылмаса  да,  оның  қазаға 

ұшырауы əбден мүмкін. 

Қабылданған  шараларға  қарамастан  оның  тірі  не  өлі  екені  жөнінде 

ешұандай  мəліметтер  ала  алмау  жəне  оны  анықтауға  еш  мүмкіндіктердің 

болмауы;  Азаматтың    ұзақ  уақыт  бойы  хабар-ошарсыз  кетуі  азаматта 

сылтаулардың  жоқтығын  көрсетеді.  Егер  азамат  жекелеген  себептерге 




103 

 

байланысты  қасақана  жасырынған  болса  (мысалға  жасалған  қылмысы  үшін 



жасырынады, несие берушілерден жəне т.б).  

Азаматты өлді деп жариялайтын үш жыл мерзімді қарастыра отырып, атап 

өтетін жайт, əскери қызметшіні жəне сол уақытта соғыс қимылдарында болған 

тұлғаларды өлді деп жариялау үшін оны есептеудің жəне мерзімін анықтаудың 

өзге  мерзімі  көрсетілген.  АК-тің 31-бабының 2-тармағына  сəйкес,  соғыс 

қимылдарына  байланысты  хабар-ошарсыз  жоғалып  кеткен  əскери  қызметші 

немесе  өзге  адам  соғыс  қимылдары  аяқталған  күннен  бастап  кемінде  екі  жыл 

өткеннен  кейін  қлді  деп  жариялануы  мүмкін.  Екіжылдық    мерзімі  де  бар,  ол 

соғыс нақтылы аяқталды деген  сəттен бастап. Соғыс аяқталғанға дейін əскери 

қызметшілер мен өзге тұлғаларды өлді деп жариялауға болмайды, яғни  əскери 

қимылдар  олардың  оралуына  кедергі  болуы  мүмкін.  Азаматты  өлді  деп 

жариялаған кезде оның өлімінің презумпциясы əрекет етеді. Азаматты өлді деп 

жариялау – заңи  өлім.  Бірақ  физикалықтан  гөрі,  заңи  өлім  əрқашан  қайтып 

орала  бермейді  емес.  Егер  азамат  нақтылы  тірі  болса  (ол  келген  немесе  оның 

келгендігі  туралы  мəліметтер  келіп  түссе),  жаңа  сот  шешімімен  азаматты  өлді 

деп жариялау туралы шешімнен бас тартылады. 

Азаматты  өлді  деп  жариялау  сотпен  оның  отбасы  мүшелерінің, 

прокурордың, қамқоршы органдардың жəне қорғаншының жəне өзге де мүдделі 

тұлғалардың  өтінішімен  ерекше  іс  ретінде  қаралады.  Азаматты  өлді  деп 

жариялау  туралы  өтініш  өтініш  берушінің  қатысуымен  қаралады,  егер  ол  істі 

оның  қатысуынсыз  қарауды  талап  етпесе.  Заңда  азаматты  өлді  деп  жариялау 

туралы  құқықтық  зардаптардың  болмауы,  азаматтың  нақтылы  өлімінен  кейін 

болатын  зардаптармен  тығыз  байланысты.  Олардың  қатарына  мүліктің 

ашылуын,  некенің  тоқтатылуын  жəне  жеке  міндеттердің  (мысалға, 

алименттердің,  зйнетақылардың  төленуінің    тоқтатылуы),  сенім  қызметінің 

тоқтатылуы. Азаматты өлді деп жариялау туралы мерзім ұзақ болғанымен, өлді 

деп жариялаған азаматымыз шын мəнісінде тірі болуы да əбден мүмкін.  

Соттың  азаматты  өлді  деп  жариялау  туралы  шешімнің  күшін  жоюы  оның 

құқықтарының қайта қалпына келтірілуіне əкеп соғады, бірақ барлығының емес. 

Мысалға, жары жаңа некеге тұрса, онда онымен байланысты некелік қатынастар 

мүлде қалпына келтірілмейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет