ҚҰҚЫҚ негіздері


 Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар



Pdf көрінісі
бет49/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   389
 

5.4 Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар 

арасында қолданылуы. 

Азаматтық заңнаманың қызметін анықтау, яғни ол оның қай уақыттан 




97 

 

бастап  жəне  қай  уақытқа  шейін  қызмет  ететіндігімен,  қандай  территория  мен 



қандай  адамдарға  таралатындығы  турасындағы  бірқатар  сұрақтарға  жауап 

береді.  Заңның  кері  қызметі  азаматтық-құқықтық  норма  қызметінің  бастапқы 

кезімен байланысты. 

  Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы. Азаматтық 

заңнаманың  уақытына  қарай  қолданылуының  жалпы  ережесі – азаматтық 

заңнама  актілерінің  кері  күші  болмайды  жəне  іске  асқаннан  кейін  ғана 

туындайтын  қатынастарға  қолданылады.  Жүзеге  асқаннан  кейін  туындайтын 

қатынастарға  азаматтық  заңнаманың  уақытына  қарай  қолданылуының 

жекелеген  жағдайы,  нормативтік  актінің  тікелей  кері  күші  болғанда  ғана 

қолданылады.  Аталмыш  жекелеген  жағдай  өзі  қатысатын  қатынастарда 

субъектіге  билік  оның  құқықтық  мəртебесін  жəне  қатынастардағы  орнын 

өзгерте  алатын  дербес  билік  етуші  қызметін  атқару  тиісті  болатын  уақыт  пен 

идеяға  жатады.  Бұл  жекелеген  жағдай  құқықтық  жүйеде  құқық  субъектісінің 

мемлекетпен  байланыстарын  нығайту  бағытында  сақталуы  тиіс. (қылмыстық 

жазаны жеңілдету, салықтарды төмендету, оның құқықтарын кеңейту жəне т.б.) 

Азаматтық  заңдардың  адамдар  ортасында  қолдауылуы  Қазақстан 

Республикасы 

азаматтары  мен  заңды  тұлғалары  үшін  көзделген  барлық  құқықтар  мен 

міндеттер,  шетелдік  физикалық  жəне  заңды  тұлғаларға,  егер  заң  актілерінде 

өзгеше  көзделмесе  азаматтығы  жоқ    тұлғаларға  да  теңдей  иелік  ете  алатындай 

ережелермен айқындалады.(3-б., 7-т АК). 



Азаматтық  заңдардың  территориялық  қызметі  оның  Қазақстанның 

мемлекеттік 

барлық  территориясында  қолданылатын  барлық  принциптермен,  белгіленген 

шекарамен жəне де мемлекеттік территорияға тиісті: аумақтық сулар, шетелдегі 

мемлекет  елшілігінің  аумағы,  ҚР-ның  туы  астындағы  теңіз  кемелерімен 

анықталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет