ҚҰҚЫҚ негіздері


 Меншік құқығы: алынуы жəне тоқтатылуы



Pdf көрінісі
бет57/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   389
  

5.7 Меншік құқығы: алынуы жəне тоқтатылуы 

Меншік құқығы – əрбір құқықтық қатынас қатысушысының экономикалық 

əрекеті  негізінде  жататын,  маңызды  азаматтық  субъективтік  құқық. 1-тармақ. 

188-бап:  меншік  құқығы  дегеніміз – субъектінің  заң  құжаттары  арқылы 

танылатын  жəне  қорғалатын  өзіне  тиесілі  мүлікті  өз  қалауынша  иелену,  

пайдалану жəне бмлік ету құқығы.  

Иелену  құқығы  дегеніміз  іс  жүзінде  иелену,  яғни  оны  иеленуге  заңи 

негізделген құқықтардың болуы. 

Пайдалнану  құқығы – мүліктің  пайдалы  ерекшелігін,  жемісі  мен  кірісін 

алып алу.  

Көбінесе  иелену  мен  пайдалану  өкілеттіктері,  соның  ішінде  пайдалануда 

мүліктің  табиғи  ерекшеліктерін  беру  мен  тұтыну  нысаны,  бір  уақытта  жүзеге 

асады. Бірақ олардың əр түрлі уақытта жүзеге асуы да мүмкін. 

Бақылау  өкілеттіктері  заттың  заңи  тағдырын  анықтауға  бағытталған, 

меншік  иесіне  тиесілі  меншік  иесінің  əрекеті  арқылы  жасалады:  мəміленің 

аталмыш  затқа  қатысты  жасалуы,  құқық  өкілеттіктерінің  басқа  біреулерге 

берілуі, мүлікке құқықтардан бас тарту, тіптен оның жойылуы. 

Меншік  иесі  затқа  өз  құқығын  сақтай  отырып,  барлық  өкілеттіктерді 

уақытша  немесе  біржола  толықтай  мөлшерде  өзге  біреуге  беруге  құқылы. 

Меншік құқығы шектеусіз болып табылады. Ол бір атаулы күнге немесе оқиғаға 

байланысты тоқтатылуы мүмкін емес. Меншік құқығының тоқтатылуы меншік 

иесінің өзі арқылы жасалған мəмілеге сəйкес меншік иесінің өз қалауы бойынша 

немесе АК көзделген меншік иесінің еркінен басқа реттерде. 

Меншік құқығы белгіленген реттерде меншік құқық иесі иелік еткен сəттен 

бастап  жасалған  деп  танылады.  Бұлайша  иелік  ету  өзге  тұлғаның  құқығы  мен 

еркінен  тəуелсіз  немесе  керісінше,  аталған  мүлікке  үміткер  меншік  иесінің 

ерікті  əрекетіне  байланысты.  Мүлікті  сатып  алушының  меншік  құқығы  шарт 

бойынша  затты  берген  сəтте  басталады,  егер  заң  актілері  мен  шартта  өзгеше 

көзделмесе.  Дəл  осы,  затты  беру  сəтінде,  осыған  дейінгі  меншік  иесінің 

құқықтары тоқтатылады жəне меншік иесі ретінде шарт бойынша мүлікті сатып 

алушы  танылады.  Меншік  құқығының  өзгеге  өтуінің  үлкен  тəжірибелік  мəні 

бар, себебі осы сəттен бастап меншік құқығымен байланысты мүлік құрылымы 

мен  ауырпалығы  өзгеге  өте  бастайды.  Сатып  алушыда  меншік  құқығының 

туындау  сəтін  анықтаудың  үлкен  тəжірибелік  мəні  бар,  себебі  азаматтық 

заңнама  бойынша  мүліктің  кездейсоқ  жойылу  немесе  бүліну  қаупі  сатып 

алушыда меншік құқығы пайда болған сəттен басталады. 

Меншік құқығын иемденудің бастапқы жəне туынды əдістері бар. 



107 

 

Бастапқыға  келесідей  меншік  құқығын  иемденудің  келесідей  əдістерін 



жатқызуға болады: 

- жаңа затты дайындау немесе жасап шығару; 

- нəтижелерді алу; 

- қайта жасау (спецификация); 

-  айналым  меншікке  жалпыға  қолжетімді  жиын  үшін  немесе  затты 

жатқызу; 

- шаруашылық емес дүние-мүліктерді алу; 

-  айналым  меншікке  меншік  иесі  бас  тартқан  қозғалмайтын  заттарды 

жатқызу; 

- өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығын мойындау; 

- заттарды тауып алу; 

- қараусыз қалған жануарлардың меншігіне өту; 

- көмбенің табылуы; 

меншік иесінен алынған мүлікті иемдену. 

Меншік құқығын иемденудің туынды түрі ретінде танылады: 

Шарттар  жəне  мүлікті  меншіктен  шығару  мен  иемденуге  байланысты 

мəмілелер; 

Кірістерді алу; 

Мемлекет иелігінен алу жəне приватизация; 

Мұрагерлік; 

Заңды тұлғаны мүлікті өткізу кезінде қайта құру; 

Тұтыну кооперативаның жарнасымен меншік құқығын иемдену; 

Мемлекет мүлкіне алу; 

Реквизиция;  

Тəркілеу; 

Меншік иесінің міндеттері бойынша жаза тағайындау; 

Шаруашылық емес сипаттағы мүлікті сатып алу; 

Үй жануарларына салғырт қарағаны үшін ақы төлеу. Меншік құқығы пайда 

болуының  туынды  əдісінде  сатып  алушыға,  осыған  дейінгі  меншік  иесіне 

тиесілі  ауыртпалықтар  өтеді.  Мысалға,  мүлікті  жалдауға  кепілге  берілген 

немесе  тапсырылған  меншік  құқығын  өткізу  кезінде,  кепіл  құқығы  немесе 

жалдау шарты жаңа меншік иесі үшін күшін сақтайды.  

Меншік  құқығы  құқық  нормалары  осы  құқықты  иемдену  жəне  де 

тоқтатуды  байланыстыратын  нақты  заңи  фактілер  негізінде  (оқиғалар  мен 

əрекет)  туындап  жəне  жоғалады.  Бір  ғана  заңи  факті  мүліктің  жойылу  жəне 

бүлінуінен,  жеке  немесе  өндіріс  процесінде  тұтынудан  өзге  реттерде,  бір 

тұлғада меншік құқығының тоқтатылуына жəне өзге тұлғада туындауына негіз 

болады.  

Меншік  құқығын  қорғау  барлық  құқық  жүйесінде  маңызды  міндеттерді 

атқарады. Азаматтық құқық нормалары меншік құқығын қорғаумен байланысты 



108 

 

құқық  нормалары  жүйесінде  ерекше  орын  алады.  Бұл  жағдай,  бірінші  кезекте, 



саланың  пəнімен  күрделендірілген:  азаматтық  заңнамамен  ақша-айырбас  жəне 

өзге  де  мүліктік  қатынастар  жəне  де  мүліктікпен  байланысты  жеке  мүліктік 

емес қатынастар реттеледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет