ҚҰҚЫҚ негіздері


Мəміленің  ауызша,  жазбаша  жəне  нотариалды  нысаны



Pdf көрінісі
бет56/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   389
Мəміленің  ауызша,  жазбаша  жəне  нотариалды  нысаны.    Нысанына 

қарай  мəміле  ауызша  жəне  жазбаша  нысанда  жасалады.  Жазбаша  өз  кезегінде 

жай жəне нотариалдық болып бөлінеді. Заңнама басқа да нысанның жасалуына 

жол береді.  

Ерік  білдіруге  нысанына  қатысты  үндемей  қалуға  келсек,  адамдар  көбіне 

«үндемей қалу – келісімнің белгісі» дейтін күнделікті тұрмыстық қатынастарға 

қарағанда,  азаматтық  құқықтық  қатынастар  кері  бағытты  ұстанады,  үндемей 

қалу  келісімнің  белгісі  емес  жəне  тек  заң  актілерінде  көзделген  реттерде  ғана 

мəміле жасасу үшін үндемей қалуға еріктілік мағынасы беріледі. 

Мысалға,  үндемей  қалған  тұлғаның  мəмілеге  түсу  еркін  мүлікті  жалдау 

шартының  қайта  қалпына  келтірілуі  жөніндегі  нормалар,  егер  жалға  беруші 

тарапынан  қарсылық болмаған жағдайда жалға алушы  шарттың мерзімі біткен 

соң  дамүлікті  пайдалана  беретін  болса,  шарт  нақ  сондай  талаптармен  белгісіз 

мерзімге  қайта  жаңартылған  деп  есептелінеді (558-бап  АК)  немесе  бұл  ретте 

мұрагерлік  құқықты  иеленген  мұрагердің  үндемей  қалса (1072-бап  АК)  заң 

үндемей қалуға оң факті мағынасын береді.  

Бағдарлы əрекет – тұлғаның мəміле жасауға ықыласын білдіреді. Бағдарлы 

əрекетке  мысал  ретінде,  мұраға  қалдырылған  мүлікке  иелік  ететін  немесе 

басқаратын  немесе  оның  мүлкке  құқығын  куəландыратын  құжаттарды  алуға 

ниеттенген  мұрагердің  белсене  кіріскен  əрекетін  айтамыз.  Бұл  əрекеттер 

мұрагердің  мұрадан  бас  тартқысы  келмейтіндігін  білдіреді,  сондықтан  ол 

мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады (1074-бап). 

Мəміле  бірнеше  негіздерге  байланысты  түрлерге  бөлінеді.  Азаматтық 

құқық ғылымында оның келесідей негізгі түрлері қарастырылады



Біржақты жəне екіжақты немесе көпжақты мəмілелер.  

Біржақты  мəміленің  жасалуы  үшін,  ерік  білдіруі  бағытталған  сипатқа  бір 

немесе  бірнеше  тұлғалардың  ерік  білдіруі  қажет  жəне  жеткілікті. (мысалға, 

бірнеше  тұлғаның  атынан  сенімхат  беріілуі).  Біржақты  мəмілелерге: 

сенімхаттың берілуі, қарыздың кешірілуі, өсиет, марапаттың жария түрде өтуіне 

сендіру,  конкурстың  жария  түрде  өтуіне  сендіру,  кең  өкілеттіліктерге  ие 

өкілмен жасалған мəміленің өкіл атынан қолдауға ие болуы жəе т.б жатады. 

Біржақты  мəміле  жасаған  адамға  міндеттемелер  жүктейді.  Ол  адамдарға 

заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана 

міндет джүктей алады. 

Азаматтық  құқық  мəмілелерінің  көбісі  біржақты  немесе  көпжақты 

мəмілелерге  (шарттарға) жатады. Бұндай мəмілелерде екі немесе одан да көп 

тұлғалардың  ерік  білдіруі  керек.  Аталмыш  жағдайларда  ерік  білдіру 

бірбағытталған емес, қарама-қарсы болады. 



106 

 

Көпжақты  мəміле  ретінде  заңды  тұлғаны  құру  туралы  құрылтай  шарт, 



қарапайым  серіктестіктің  шарты  танылады  (білесіп  қызмет  істеу  туралы  шарт) 

жəне т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет