ҚҰҚЫҚ негіздері


Алдын  ала  жасалатын  шарт



Pdf көрінісі
бет62/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   389
Алдын  ала  жасалатын  шарт.  Алдын  ала  жасалатын  шарт  тараптар  ала 

жасалатын  шартта  көзделген  жағдайларда  мүлік  беру,  жұмыс  орындау  немесе 

қызмет  көрсету  туралы  болашақта  шарт  жасасуға  міндеттенеді.  Алдын  ала 

жасалатын  шарт  негізгі  шарттың  пəнін  жəне  өзге  де  елеулі  талаптарын 

орнықтыруға бағытталған шарт мазмұнын қамтуы тиіс. 

Шарттың  жасалуы  өз  еріктері  негізінде  болашақ  шарт  қатысушыларының 

мəмілеге  түсуін  қарастырады.  Шарттық  мəмілені  жасалды  деп  тану  үшін, 

міндетті  түрде  екі  немесе  бірнеше  тұлғалардың  азаматтық  құқықтар  мн 

міндеттерді орнықтыру, өзгерту немесе тоқтату  туралы келісімі болуы тиіс. 

Шарттың өзгеруі туралы түсінік ретінде шарттың бір тарабының ерікті іс-

əрекет  жасауы  немесе  қос  тараптың  шарттың  ретінің  өзгеруі  мен  талаптарды 

орындауға байланысты келісімді іс-əрекеті түсіндіріледі. 

Шартты  тоқтату  туралы  түсінік  ретінде  біржақты  ретте  жасалатын 

тараптардың  ерікті  іс-əрекеті  жəне  келісім  бойынша  шарттық  құқықтар  мен 

міндеттердің  болашақта  тоқтатылуына  бағытталған  іс-əрекеттер  түсіндіріледі. 

Тараптар  арқылы  шарттың  өзгеруі  мен  тоқтатылуы  екі  əдіспен  жүзеге  асады: 

тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты реттерде. 

 

 



 


111 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет