ҚҰҚЫҚ негіздері


 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік



Pdf көрінісі
бет63/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   389
5.10 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. 

Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік – құқық  бұзғаны  үшін  белгіленетін 

заңи  жауапкершіліктің  бір  түрі  ғана.  Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік 



түсінігімен    азаматтық-құқықтық  қатынас  субъектісіне  қолданылатын,  бұзған 

тұлғаларға  жауапкершілік  жүктелетін  жəне  басым  құқықтарға  ие  тұлғадан 

бұзғанымен  байланысты  мүліктік  зардаптардың  өтеміне  жүретін,  заңнамамен 

немесе  шартпен  қарастырылған  мүлікті  өндіріп  алу  немесе  мүліктің 



ауырпалығы  түсіндіріледі.  Жауапкершілік  қарыз-бұзушының  өзіне  тиесілі 

құқықтарынан айырылуымен де байланыстырылады. 

Жауапкершілікке  тарту  азаматтық-құқықтық  бұзушылықтарға  қатысты 

құқық 


нормаларының 

ықпалшарасын 

(санкция) 

жүзеге 


асырумен 

байланыстырылады.  

Азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің  негізгі  қызметі – өтемақы  алу: 

несие беруші мүдделерінің толықтай қалпына келтірілуі. 

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік төмендегідей жолдармен жүзеге асуы 

мүмкін: 


а)  несие  берушінің  қарсылықтарын  қанағаттандыратындай  деңгейде  

борышқордың өз еркімен жауапкершілік соммасын төлеуі; 

б)  қарыз  беруші-бұзушыдан  жауапкершілік  соммасын  өндіріп  алатын, 

несие  берушінің  біржақты  əрекеті  немесе  борышқордың  міндетін  орындауына 

байланысты  осындай  соманы  төлем  ақыдан  ұстап  қалу.  Бірақ  осы  ретте  атап 

өтерлік жайт, бір тараптың біржақты іс-əркеттерге наразылығы көбінесе соттың 

дауды шешуін талап етеді; 

в) құзіретті органдардың (бірінші кезекте соттың) борышқорға міндеттерді 

орындамағаны  үшін  жауапкершілік  жүктеу  немесе  лайықсыз  міндеттерін 

орындауға байланысты шешімдерін орындау; 

АК-тің 349-бабының 2-тармағына  сəйкес  міндеттемені  бұзғаны  үшін 

борышқорды  жауапқа  тарту  несие  берушінің  талап  етуі  бойынша  жүргізіледі, 

яғни  оның  құқықтарының  жүзеге  асырылуы  болып  табылады.  Азаматтық-

құқықтық  жауапкершіліктің  субъектісі  азаматтар  да,  заңды  тұлғалар  да

мемлекет те, əкімшілік-аумақтық бірліктер де бола алады.Азаматтық-құқықтық 

жауапкершілікке  түрткі  болатын  жағдай,  АК-тің 349 бабына  сəйкес, 

борышқордың  несие  берушінің  алдында  міндеттерінің  бұзылуы  болып 

табылады.  Бұзушылықпен  орындамау,  лайықсыз  міндеттерді  орындамау 

түсіндіріледі.  Жауапкершіліктің  негізгі  жəне  əмбебап  нысаны  міндеттеменің 

бұзылуынан келтірілген залалдарды өтеу саналады. 

Міндеттеменің  бұзылуынан  келтірілген  материалдық  залалдан  басқа, 

бұзақылықтың  жəбірленушісі  моральдық  зиянның  да  өтелуін  талап  етуге 

құқылы (АК 352-бап). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет