Сырттай іс жүргізу жəне сырттай шешім шығару
ҚР АІЖК-і 260- бабының 1 бөлігіне сəйкес: "Отырыстың өткізілетін орны мен
уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дəлелді себептерін
хабарламаған жəне істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына
келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс
жүргізу тəртібімен қаралуы мүмкін".
Cырттай іс жүргізу төртібі бойынша іс қарау үшін мынадай 5 (бес)
негіздеме қажет:
- жауапкер келмеген жағдайда;
- жауапкер тиісті түрде сот отырысының өтетін орнымен уақыты туралы
хабарланса;
- іс бойынша талап қоюшы қарсы болмау;
- жауапкер өзінің келмей қалуының себептерін хабарламаған болса;
- жауапкер істі өзі жоқта қарауды сұрамаған болса. Жоғарыда аталған
негіздемелердің барлығы талап қоюмен істі қарауда орын алғанда сот істі сырттай
іс жүргізу тəртібімен қарайды.
Іс ҚР АІЖК-тің 260 бап 1) тармағында көрсетілген негіздемелер жиынтығы
болған жағдайда ғана:
- жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар
етілсе;
- жауапкер сот мəжілісіне дəлелді себептермен келмей қалса немесе келмей
қалуының дəлелді себептері туралы хабарламаса;
- жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса;
- талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса;
- талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан,
жауапкер сот мəжілісіне дəлелді себепсіз екінші рет келмей қалса, сырттай іс
жүргізу тəртібі бойынша қаралуы мүмкін.
Сырттай іс жүргізу тəртібі мен істі қараудың мақсаттары:
- жауапкерді тəртіпке салу;
- өзінің мінезқұлқы үшін жауапкершілікті нығайту;
- жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу;
- азаматтық істі тез қарап шешу.
Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күннен бастап
үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп
жіберіледі. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талап
128
қоюшыға да ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның
тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі (ҚР АІЖК-нің 263-бабы).
Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі сырттай
шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |