Ерекше іс жүргізу. Ерекше іс жүргізу бұл арнайы соттың азаматтық
санаттағы істеріне жатқызылған, құқық туралы дауы жоқ жəне қорғаудың
арнайы құралдар мен тəсілдерді қолданумен сипатталатын азаматтық іс
жүргізудің дербес түрі. Сот олардың заң фактілерін (əрекеттерін, оқиғаларын,
жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін
қорғауды жүзеге асырады.
ҚР АІЖКне свйкес заң фактілерін аныцтаудың екі тэртібі бар: əкімшілік
тəртіп жəне соттың тəртіп.
Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖКтің 31-38 тарауларында белгіленген
алыныстармен жəне толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар
қарайды.
Сот ерекше іс жүргізу тəртібімен қарайтын істерге:
1) заңдың маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
2) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы зкөне азаматты қайтыс
болды деп жариялау туралы;
3) азаматты өрекетке қабілеті шектеулі немесе əрекетке қабілетсіз деп
тану туралы;
4) азаматты психиатриялық стационарға мəжбүрлеп жатқызу туралы;
5) заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлердің банкроттығы туралы;
6) жылжымалы затты иесіз деп тану жəне жылжымайтын мүлікке
коммуналдың меншік құқығын тану туралы;
7) азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау
туралы;
8) нотариаттық əрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға
шағымдар бойынша;
131
9) бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар
жəне ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша
құқықтарын қалпына келтіру туралы істер;
10)бала асырап алу туралы істер;
11)Қазақстан Республикасыньщ жəне (немесе) басқа мемлекеттің
аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын
шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік
ұйым деп тану туралы істер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |