ҚҰҚЫҚ негіздері


 Мұрагерлік туралы түсінік жəне оның мəні



Pdf көрінісі
бет96/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   389
    

7.2 Мұрагерлік туралы түсінік жəне оның мəні 

Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады.  

Мұрагерлік – қайтыс  болған  азамат  (мұра  қалдырушы)  мүліктің  басқа  адамға 

(адамдарға) – мұрагерлерге  ауысуы.  Қайтыс  болған  азаматтың  мұрасы  басқа 

адамдарға  əмбебап  құқық  мирасқорлығы  талаптарымен,  егер  Азаматтық  Кодекстің 

6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нəрсе ретінде жəне бір-

ақ  мезгілде  ауысады.  Мұрагерлік  ҚР  Азаматтық  Кодексімен,  ал  тікелей  өзі 

белгілеген  жағдайда  өзге  заң  актілерімен  реттеледі.  Мұрагерлік  құқық  азаматтық 

құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық  - қайтыс болған адамның 

мүлкінің  мұрагеріне  көшу  тəртібін  белгілейтін  құқықтық  нормалардың  жиынтығы. 

Мұрагерліктің  негізгі  объектісі    –  мұра  қалдырушының  өмірі  кезінде    мұрагерлер 

пайдаланылатын  мүлік  азаматтардың  жеке  меншігі. «Мұрагерлік  құқық – жеке 

тұлғаның  өлімінен  кейін  оның  жеке  құқық  қатынастарының  жалғасын  немесе 

тағдарын  реттейтін  құқық»  деп  анықтағандар  да  бар.  Алайда  өлген  жеке  тұлғаның 

отбасы,  жеке  ұйымдарға  мүшелік,  бала  асырап  алуы  сияқты  жеке  құқық 

қатынастарын  мұрагерлік  құқығы  реттемейтіндіктен,  бұл  анықтама  мұрагерлік 

құқығы  үшін  өте  кең  анықтама  болса  керек.  Сонымен  мұрагерлік  құқығына 

анықтама беретін болсақ, бір жеке тұлғаның өлімінен кейін оның мүлкінің (мүліктік 

құқықтары  мен  міндеттерінің)  тағдырын  белгілейтін  құқық  институты  десек 

дұрысырақ болар.  

Мұралық  құқығы - сол  тұлғаның  субъективті  құқығы.  Мұрагерлік  құқық-мұра 

мирасқорлығымен    байланысты  қатынастарды  реттейтін    құқықтық  нормалардың 

жиынтығы. Қазақстан  Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында 

«мүлекке жəне мұралыққа  заң кепіл береді» делінген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет