ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет95/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


136 

 

7-ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰРАГЕРЛІК 



ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

 

7.1 Мұрагерлік құқығының түсінігі, мақсаты жəне міндеттері 

7.2 Мұрагерлік туралы түсінік жəне оның мəні 

7.3 Мұрагерліктің маңызы 

7.4 Мұрагерлік құқығының жүйесі 

7.5 Мұрагерлік құқығының əдістері. Мұрагерліктің негіздері 

7.6 Заң бойынша жəне өсиет  бойынша мұрагерлік. Заңды мұрагерлік 

7.7 Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк 

7.8  Мұра алу 

7.9  Мұрагерлік құқығының қайнар көздері 

7.10   Мұрагерлік құқығының құқықтық институттары 

 

7.1 Мұрагерлік құқығының түсінігі, мақсаты жəне міндеттері 

Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодексінің  Мұрагерлік  құқық  атты 

бөлімінде  бірнеше  жаңа  ережелер  қабылданды.  Мұрагерлік  қатынастар   Азаматтық 

Кодекстің 1038-1083 баптарымен  реттеледі  (ерекше  бөлім). 1999 жылдың 1 

шілдесінде  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Қазақстан  Республикасының  

Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 

шілдеге  дейін  Қазақстанда 1994 жылы  қабылданған  Азаматтық  Кодекстің  жалпы 

бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 

Азаматтық  Кодексі  толықтай  қолданысқа  өтті.  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық 

Кодекстің  ерекше  бөлімінің  болмауы  республикадағы  экономикалық  қатынастарды 

реттеуді  қиындатты. 1963 жылы  қабылданған  Қазақ  ССР  Азаматтық  Кодекстің 

нормалары  нарықтық  экономика  принциптеріне  қайшы  келсе  де,  іс  жүзінде 

қолданылды.  Мұрагерлік  құқық  қандай  болу  керек  деген  сұрақта  ғалымдар  əртүрлі 

пікір  ұстанады.  Бірақ  оның  бəрі — жеке  мүлік   ұрпақтан  ұрпаққа  ауысатынын 

жақтайды. 

Қоғамдық  өмірдің  түпкілікті  ауысуы  біздің  елімізде  көптеген  салалардағы  

құқықтық  реттеуді  дамытуды  талап  етеді.  Мұрагерлік  бұл  экономикалық  мазмұны 

бар қатынастар. 

Кеңес  заманындағы  мұрагерлік  құқық — Рим  құқығының  негізінде  жасалған, 

жақсы  дамыған  институт.  Бірақ  көне  мүліктік  жүйеде  көптеген  мəселелер  өз 

шешімін  таппады.  Ал  жаңа  заңдағы  бекітілген  ережелер  сол  мəселелерді  қайта 

көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты




137 

 

Жұмыстың мақсаты -  мұрагерлік  құқықпен  байланысты  проблемаларды 



талдау.  Осы  мақсаттан  туындайтын міндеттер:  мұрагерлік  құқықпен  байланысты 

Қазақстандық заңдарды жəне Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу жəне 

зерттеу. 

Мұрагерлік  құқықтық  қатынастар  көптеген  нормативті  акттермен,  мысалы 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен,  Азаматтық  құқық  негіздерімен, 

көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет