ҚҰҚЫҚ негіздері


 Құқық шығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет12/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   389
1.8 Құқық шығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру 

Құқық  шығармашылық – заң  нормаларын  қабылдау,  өзгерту  жəне  тоқтату 

жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. 

Құқық  шығармашылықтың  субъектілері  заңдардың  референдумде 

қабылданатын  кезінде  халық,  мемлекеттік  органдар  мен  мемлекеттік  емес 

құрылымдар  (жергілікті  өзін - өзі  басқару  органдары,  кəсіподақтар  жəне  т.б.) 

бола алады.  

Құқық  шығармашылық  қызметі  Конституцияда,  регдаменттерде  көзделген 

процессуалдық  тəртіпке  сəйкес  іске  асырылады.  Құқық  шығармашылық  жаңа 

құқықтық  норманы  қабылдау  үшін  не  ескі  нормаларды  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу арқылы өзгертуге не оны алып тастау үшін жасалады. 

Құқық шығармашылықтың мынадай түрлері бар: 

1)  құқық  шығармашылығының  субъектілеріне  қарай:  референдум  өткізу 

арқылы  халықтың  қатысуымен  өтетін  тікелей  құқық  шығармашылық, 

мемлекеттік  органдардың  құқық  шығармашылығы,  жекелеген  лауазымды 

тұлғалардың  құқық  шығармашылығы,  локальді  құқық  шығармашылығы  жəне 

т.б. болып бөлінеді;  

2) 


құқық 

шығармашылығының 

маңыздылығына 

қарай: 


заң 

шығармашылығы,  өкілдік  ету  арқылы  құқық  шығармашылығы,  заңға 

негізделген құқық шығармашылығы болып бөлінеді. 

Құқық  шығармашылық  үрдісінің  ең  басты,  негізгі  құрамдас  бөлігі – заң 

шығармашылық  үрдісі  болып  табылады.  Құқық  шығармашылық  үрдісі 

заңдардың,  заңға  негізделген  актілердің,  нормативтік  шарттардың,  құқықтық 

əдет-ғұрыптар мен құқықтық прецеденттердің қабылдаумен сипатталады. 

Заң шығармашылығы үрдісінің мынадай сатылады бар: 

1) заң щығару бастамасы – Конституцияда  бекітілген субъектілердің ғана 

заңды қабылдау туралы ұсыныс енгізуге жəне заң шығарушы органға тиісті заң 

жобасын  беру  туралы  құқығы  бар.  Заң  шығару  бастамасы  құқығы  заң 

шығарушы органға ұсынысты жəне заң жобасын қарастыру міндетін жүктейді, 




27 

 

оны  қабылдау  не  қабылдамай  тастау  заң  шығарушының  құқығы  болып 



табылады.  ҚР  Конституциясының 61 бабына  сəйкес:  заң  шығару  бастамасы 

құқығы  ҚР  Президентіне,  ҚР  Парламент  депутаттарына,  ҚР  Үкіметіне  тиесілі 

жəне тек қана Мəжілісте жүзеге асырылады;     

2)  заң  жобасын  талқылау – маңызды  сатысы  болып  табылады,  заң 

шығарушы  органда  субъектілердің  талқылауынан  басталады.  Қазақстанда  заң 

жобасын  талқылау  ең  алдымен  Мəжілісте  басталады,  кейін  Сенатта  қаралады, 

содан  кейін  барып  Президенттің  қол  қоюына  беріледі.  Аталған  саты  құжатта 

тиісті сапасына жеткізу үшін, қарама-қайшылықтардың, олқылықтардың алдын 

алу үшін қажет;    

3)  заңды  қабылдау – заң  шығармашылық  үрдісінің  негізгі  сатысы  болып 

табылады,  заңды  қабылдау  дауыс  беру  механизмі  арқылы  жүргізіледі.  Тиісті 

дауыс беру Конституциямен жəне өзге де заңдармен реттеледі, нəтижесінде заң 

мақұлданады,  мақұлданған  заң  Президенттің  қол  қойюына  жіберіледі, 

нəтижесінде Президент қол қояды не қайтадан қайтарып жібереді;    

4)  заңды  жариялау – заң  Конституция  мен  өзге  де  заңдарға  сəйкес  ресми 

түрде жарияланады жəне заңдық күшке ие болады. 

Қабылданған  құқықтық  нормалар  іс  жүзінде  жүзеге  асырылуы  тиіс. 

Құқықтық  нормаларды  жүзеге  асыру – субъектінің  мінез-құлқында  оның 

ұйығарымдарының  іс  жүзінде  іске  асырылуы  деп  түсініледі.  Құқықтың  жүзеге 

асырылуы  құқықтың  өміршеңдігін  көрсетеді,  онсыз  құқық  өзінің  əлеуметтік 

маңыздылығын жоғалтады.   

Субъектілердің  əрекет  етуі  сипатына  қарай  құқықты  жүзеге  асырудың 

мынадай нысандары бар: 

1) құқықты сақтау – бұл арқылы тиым салынғандардан тұлға өзін алыстату 

керек;  

2)  құқықты  орындау – тұлға  заңда  қатаң  белгіленген  белсеңді  міндеттерді 

орындау қажет;  

3) құқықты пайдалану – тұлға субъективтік құқықтарды іске асыра алады, 

соның  нəтижесінде  ол  өзінің  мүддесін  қанағаттандырады  жəне  белгілі  бір 

игіліктерге қол жеткізеді; 

4) құқықты қолдану – нақты заң ісін шешу жөніндегіқұзырлы органдардың 

биліктік  қызметі  болып  табылады,  оның  нəтижесінде  тиісті  жеке  акті 

қабылданады. 

Құқықты  қолдану – құқықты  жүзеге  асырудың  ерекше  нысаны  болып 

табылады. Құқықты қолдану мынадай белгілермен сипатталады: 

1)  құқықты  тек  соған  құзырлы  субъектілер  (мемлекеттік  органдар, 

жергілікті органдар жəне т.б.) қолданады;  

2) биліктік сипатқа ие; 

3)  бірнеше  сатысы  бар,  олар:  істің  іс  жүзіндегі  жəне  заң  жүзіндегі 

негіздерін анықтау, шешім шығару болып табылады;  




28 

 

4)  істі  заңға  сəйкес  жəне  əділ  шешу  үшін    процессуалдық  нысанда  жүзеге 



асырылады; 

5) тиісті жеке құқық қолдану актісін қолданумен байланысты болып келеді;  

6) нақты құқықтық салдарды анықтауға бағытталған. 

Субъектілер  билік  органдарының  көмегісіз  өз  құқықтары  мен  міндеттерін 

жүзеге асыра алмаса, мемлекеттік мəжбүрлеу қажеттілігі пайда болғанда құқық 

қолдану қажеттілігі туындайды. 

Құқық нормасын қолданудың нəтижесінде құқық қолдану актісі жасалады. 

Құқық  қолдану  актісі – жеке  биліктьік  ұйғарымнан  тұратын,  нақты  заңи  істі 

шешу  нəтижесінде  құзырлы  органның  шығарған  құқықтық  акті  болып 

табылады. 

Құқық  қолдану  актісі  құқық  қолдану  қызметінің  қорытындысы,  нəтижесі 

болып танылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет