ҚҰҚЫҚ негіздері


-ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет15/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   389
2-ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 

 

2.1 Құқықтың түсінігі 

2.2 Құқық ұғымының мəні 

2.3 Құқық функцияларының түсінігі жəне түрлері 

2.4 Құқықтың қайнар көздері 

2.5 Құқық нормасы 

 

2.1 Құқықтың түсінігі 

Жалпы  ”құқық”  ұғымының  мағынасын  терең  ашу  үшін,  оның  түсінігін, 

белгілерін,  түрлерін,  қағидаларын  жəне  осы  құқықтың  атқаратын  қызметіне 

тоқталу  қажет.  Құқықтың  түсінігі  туралы  заңгер  ғалымдардың  көзқарасын 

ескере,  мəнін,  астарын  ашу,  толық  ұғындыра  отырып  жеткізе  білу -  басты 

мақсат.    

Жалпы  өмірде  адам  əр  түрлі  əлеуметтік  қатынастарға  түседі.  Қарым-

қатынас  нəтижесінде  адамдар  арасында  өзара  əрекеттестік  қалыптасады, 

түсіністік  пайда  болады,  қамқорлық  жасау  жəне  көмек  беру  жүзеге  асады. 

Қоғамдық  қатынастар  əлеуметтік  нормалар  арқылы  реттеледі,  олардың 

арасында  құқық  нормалары  ерекше  орын  иеленеді.  Құқық  нормалары  заңдар 

мен  нормативті  құқықтық  актілерде  көрініс  табады.  Жалпы  адамзаттық 

құндылықтар  жəне  əділеттілік,  ізгілік,  теңдік,  бостандық  идеялары  құқықтың 

негізі  болып  табылады.  Сонымен,  құқық  дегеніміз — мемлекет  арқылы 

камтамасыз  етілетін,  əділеттілік  туралы  адамдардың  көзқарастарынан  көрініс 

табатын,  жалпыға  бірдей  міндетті  нормалардың  жиынтығы. [1]. Құқық – 

мемлекеттің  қуатты  құралы.  Құқық  ұғымы  туралы  заңгер  ғалымдар  түрлі 

пікірлер  қалдырған.  Сонау  Рим  заңгерлері,  орта  ғасырдағы    заңгерлер  түрлі 

пікірлер  қалдырған  болса,  қазіргі    замандағы  ғалымдар  осы  құқықтың  мəн – 

мағынасын  ашып,  зерделеу  үстінде.  Целъса,  Павла,  Ульпиана,  Модестина, 

Папиниана,  Гая  сынды  Рим  заңгерлерінің  құқық  түсінігін  қалыптастыруда 

өзіндік орындары бар. Рим заңгерлерінің бірі Цельс: “құқық дегеніміз шындық 

пен  қайырылымдылықтың  өнері(jus est ars boni et aequi)”,- деп  пайымдаған 

болса,  Ульпиан: «құқық  зерттеуші  адам  алдымен  jus сөзінің  қайдан 

шыққандығын білуі тиіс, құқық ұғымы (Otjustitia) осыдан сөзден бастау алады  

(мағынасы:  шындық,  əділдік)...»,-деген  екен.  Беделді  заңгерлердің  бірі  Павел: 

«құқық ұғымы не əділетті болса, соны білдіреді жəне ол табиғаттан беріледі», - 

деп  түсінік  қалыптастырған.  Ғалымдардың  тұжырымдарына  қарай  отырып, 

құқық  сөзін  əділеттік  сөзімен  тығыз  байланыстыруға  да  болады.  Осыған 

байланысты,  Ибраева  Алуа  Саламатқызы  жəне  Сапарғалиев  Ғайрат 

Сапарғалиұлы  жазған  “Мемлекет  жəне  құқық  теориясы ” кітабында  құқықтың 

үш  алтын  тірегі  бар  деп  жазылған.  Олар:  имандылық,  өмірдің  материалдық 

жағдайлары  жəне  мемлекет.  Осылардың  мазмұнын  аша  отырып,  жалпы  құқық 



32 

 

түсінігі имандылыққа, əдептілікке негізделеді. Имандылықтың өзі  адамдардың 



арасын  өзара  реттейтін  бір  күш  болып  табылады.  Имандылық  арға,  ұятқа, 

жұртшылықтың  пікіріне  сүйенеді.  Ал  имандылықтан  құқық  нəр  алады. 

Имандылық əділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылықты, ұрлық жəне басқа 

да  қылықтарды  айыптайды,  ал  құқықта  теріс  қылықтарға  тыйым  салады.  Ал 

келесі  алтын  тірегі,  жоғарыда  аталып  өтілгендей,  өмірдің  материалдық 

жағдайлары.  Өмірдің  материалдық  жағдайлары,  яғни  адамның  өмір  сүруі 

өндірісіне  байланысты.  Өндіріс  нəтижелі  болу  үшін  оның  дамуына  жағдай 

жасау  керек,  бұл  тек  мемлекеттің  қолынан  келеді.  Мемлекет  болса  тұлғаға 

меншік  құқығын  береді.  Мемлекет  құқықты  қабылдайды,  қамтамасыз  етеді, 

қорғайды, жəне олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайды.  

 Ағылшын құқықтанушысы Генри де Брэк - тон (?—1268)  «Ағылшындар 

заңы  жəне  дəстүрі»  деген  трактатында : «...құқық  тек  жоғары  биліктің 

əділеттілігімен  жасалғанда  ғана  жүзеге  асырылады»,-  деген  екен.  Белгілі 

француз  құқықтанушысы, «Кутюмы  Бовези»  кітабының  авторы    Филипп  де 

Бомануар (1250—1296) француздардың  мемлекетінде  құқықтық  консолидация 

болуын қолдаған екен.  

 Жалпы құқықтың ұғынудың, түсінудің бірнеше бағыттары бар: 

 1. Нормативистік бағыт. 

2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы. 

3. Құқықтың діни теориясы. 

4. Құқықтың тарихи бағыты. 

5. Психологиялық бағыт. 

6. Социологиялық бағыт. 

7. Марксистік бағыт. 

8. Интегративтік бағыт. 

1.  Нормативистік  бағыт.  Оны  жақтаушылар  (Штаммлер,  Но-вогородцев, 

Кельзен  жəне  т.б.)  құқыққа  мемлекетпен  қорғалатын  нормалар  жиынтығы 

ретінде  анықтама  береді.  Нақты  айтқанда,  Кельзеннің  концепциясына  сəйкес, 

құқық  нормалар  жүйесі  (пирамидасы)  ретінде  түсіндіріледі,  оның  ең  басында 

заңшығарушы  қабылдаған  негізгі  (егеменді)  норма  тұрады,  жəне  бұл  жердегі 

əрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық 

туралы  нормативистік  бағыттың  мазмұны  ақиқатқа  мемлекет  қабылдаған 

нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады. 

2.  Құқықтың  табиғи-құқықтық  теориясы.  Бұл  құқық  Тео-риясын 

жақтаушылар (Т.Гоббс, Д.Локк, А.Радищев жəне т.б.) мемлекет орнықтыратын 

құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқық та болады деп санаған. 

Бұл – өмір  сүруге,  бостандыққа,  теңдікке,  меншікке  жəне  т.б.  құқық.  Яғни, 

табиғи құқық (адамның табиғи, мəңгі, өзгермейтін құқықтарының жиын-тығы) – 

қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз 

бойына  сана  мен  мəңгілік  əділеттілікті  сіңіре  білген  құқық.  Бұл  теорияның 




33 

 

шеңберінде  құқық  пен  заң  бөліп  қарастырылады,  яғни,  позитивтік  құқықпен 



(мемлекет  қабылдаған  заңдармен)  қатар  адамға  туған  сəтінен  тиесілі  жоғары, 

шынайы, табиғи құқық та болады. 

3.  Құқықтың  діни  теориясы  құқықты  түсіндіруде  құдай  кітаптарына,  ең 

алдымен,  Інжілге  негізделеді.  Бұл  теорияның  өкілдері  (Аристотель,  Фома 

Аквинский  жəне  т.б.)  егер  адамға  табиғи  құқықтар  туған  сəтінен  берілсе, 

оларды Құдай беруі мүмкін деп санаған. 

4.  Құқықтың  тарихи  мектебі.  Оның  өкілдері  (Ф.Савиньи,  Гуго,  Г.Пухта 

жəне  т.б.)  құқықты  заңшығарушы  қалыптастырмайды,  ол  халықтық  рухтың, 

дамуы  нəтижесінде  тіл  сияқты  өз  бетімен  қалыптасады  деп  санаған. 

Құқықтанушы-ғалымдар  халықтық  құқықтық  рухтың  көріністерін  дəл  тауып, 

оның  ережелерін  заң  формулалары  арқылы  көрсетуі  тиіс,  ал  заңшығарушы 

дайын құқықты тауып, оны қолданыстағы заңнамаға айналдыруы тиіс. 

5.  Психологиялық  бағыт.  Бұл  теорияның  өкілдері  (Л.И.Петражицкий, 

Росс, И.М.Рейснер жəне т.б.) нормалармен қатар «құқық» түсінігіне адамдардың 

құқықтық  санасын  да,  құқықтық  эмоцияларын  да  енгізеді.  Психологиялық 

бағыт кеңес билігінің алғашқы жылдарында аса кең қолданыста болған. Себебі, 

бұл  кезде  жаңа  заңдар  қалыптаспаған  болатын,  тіпті,  деректердің  өзінде 

соттардың істерді пролетарлық мемлекет мүддесіне сəйкес шешуінде құқықтық 

санаға жүгінуі танылған еді. 

6. Социологиялық бағыт. Құқықтың социологиялық теориясының өкілдері 

(П.Эрлих,  Жени,  С.И.Муромцев  жəне  т.б.)  құқық  табиғи  құқықтар  мен 

заңдардан  емес,  заңдарды  жүзеге  асырудан  көрініс  табады  деп  санаған,  яғни, 

құқықты өз құқықтарын белгілі бір дəрежеде жүзеге асырушы жеке жəне заңды 

тұлғалардың  қызметі  ретінде  түсіндірген.  Құқық  ретінде  мемлекетті  құру 

тəжірибесі де жарияланған. 

7.  Марксистік  бағыт.  Марксистік  теорияның  өкілдері  (Маркс,  Энгельс, 

Ленин  жəне  т.б.)  құқықты  экономикалық  үстемдік  құрушы  таптың  заңға 

айналған  еркі  ретінде  түсіндірген.  Жəне  таптық  еріктің  құқығынан  көрініс 

тапқан мазмұнды материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен анықтаған. 

8.  Интегративтік  бағыт.  Бұл  бағытқа  сəйкес  шын  мəнінде  кемшіліксіз 

құқықтың  болуына  күмəн  келтіріледі,  сондықтан,  аталған  бағыттың  өкілдері 

əртүрлі  теориялардан  өз  ойларынша  ең  дұрыстарын  таңдап  алып,  құқыққа 

мынадай  анықтама  береді: «Құқық – бұл  еркін  еріктердің  өзара  байланыстағы 

күресі мен келісімін реттейтін, ресми қорғаумен қамтамасыз етілген жəне нақты 

бір қоғамда танылған теңдік пен əділеттілік нормативтерінің жиынтығы». [8]. 

Сонымен,  құқық  ең  маңызды  əрі  ең  күрделі  қоғамдық  кұбылыс  ретінде 

түсінілетін  философиялық  категория.  Сондықтан  да,  оны  бірнеше  тұрғыдан 

қарастыру  керек.  Алдымен,  субъективтік  тұрғыдан  қарастырсақ,  құқық  қандай 

да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, əрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, 

еңбек  ету,  демалу,  өмір  сүру,  қорғану  құкығы  секілді  тікелей  субъектімен 




34 

 

байланысты  құқықтар.  Объективтік  мағынадағы  құқық — нормативтік 



құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда 

көрсетіп  кету  керек — субъективтік  құқық  объективтік  құқықтың  негізінде 

туындайды  жəне  тоқтатылады.  Мəселен, 1999 жылдың 1 маусымынан  бері 

"объективтік  құқықтын"  негізінде  ішкі  істер  органдары  қызметкерлерінің 

қоғамдық  көлікте  тегін  жүруге  деген  "субъективтік  құқықтары"  тоқтатылып, 

жеңілдіктер алынып тасталған.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет