ҚҰҚЫҚ негіздері


көздері. Еңбек құқығының түсінігі жəне құқық жүйесінде алатын орны



Pdf көрінісі
бет131/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   389
көздері. Еңбек құқығының түсінігі жəне құқық жүйесінде алатын орны 

Азаматтар  еңбек  ету  бостандығын  Конституциялық  құқықтан  əр  түрлі 

нысанда  қолдана  алады.  Бірақ  халықтың  басым  көпшілігі  дүние  жүзінде 

жалдамалы  еңбек  тобының  тұлғаларына  кіреді.  Жалдамалы  еңбек  саласында 

құқықтық қатынастарды реттеудің алғашқы əрекеті ХІХ ғ. өндірістік революция 

кезеңінде басталды.  Сол кездегі қоғамға жəне мемлекетке жалдамалы еңбектің 

тұлғаларының  еңбегін  асыра  пайдаланудан  қорғау  түсінігі  келді.  Мақсаты: 

жұмыс  күшін  қалыпты  пайдалану  ж/е  ұлттың  денсаулығын  сақтау.  Сол  кезде 

жұмыс  уақытының  ұзақтығы,  демалыс  уақыты,  жалақы,  еңбекті  қорғау, 

əлеуметтік  қамсыздандыру  туралы  алғашқы  нормативтік  құқықтық    актілер 

пайда болды.  

ҚР Конституциясының 12- бабына сəйкес заңдармен белгіленген құқықтар 

шектелмейді.  Негізгі  фундаменталдық  құқықтар  заңдармен  шектелуі  мүмкін, 

осы конституцияның 39-бабына сəйкес. Олар: 

-  мемлекеттің  конституциялық  құрылымы  мен  тұтастығын  сақтау 

мақсатында; 

-  денсаулығын,  құқықтарын  сақтау  мақсатында.  Мыс,  шетел  еңбек  күшін 

жалдауда  белгіленген  тəртіпте,  негіздемелерге  байланысты  олар  тек  ғана 

белгіленген квота шегінде жəне лицензия алу тəртібінде жұмыспен қамтылады. 

Аталған  тұлғаларға  байланысты  шектеулер 1997 жылғы  «көші-қон  туралы» 

заңға, 23.01.2001 жылғы  «халықты  жұмыспен  қамту  туралы»  заңға  сəйкес 

белгіленген. 

Қызметке қабылдауда, яғни еңбек шартын жасауға байланысты шектеулер 

келесі негіздемелерге байланысты орын беруі мүмкін: 

-  денсаулық,  жасына  байланысты  қызметкердің  ауыр  зиянды  қауіпті 

жұмыстарға қабылдамау; 

- қызметкердің білімділігінің не мамандығына байланысты, сонымен қатар 

сот үкіміне байланысты белгілі бір лауазымға қабылдамау; 

-  соғыс  кезеңінде  табиғи  немесе  табиғи  техногендік  апаттың  жол  беруіне 

байланысты қабылдамау жəне т.б. 



 

Еңбек құқығының пəні жəне жүйесі 

Еңбек  құқығының  пəні  болып  тек  еңбек  емес,  сонымен  қатар  еңбек 

үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан туындайтын, еңбекке қатысты бар 

қатынастар  да  табылады.  ҚР  «Еңбек  туралы»  заңында:  жұмыс  беруші  мен 

қызметкердің  арасындағы  еңбек  қатынастары  нормативтік  құқықтық 



184 

 

актілермен,  еңбек  туралы  заңдарға  сəйкес  жасалған  жеке  еңбек,  ұжымдық 



шарттармен реттеледі. 

Еңбек құқығының жүйесі 2-ге бөлінеді: 

-  Жалпы:  еңбек  құқығының  түсінігі,  мақсаты,  еңбек  заңдарының 

қағидалары, 

еңбек 

қатынастарының 



пайда 

болу 


негіздері, 

еңбек 


қатынастарының  субъектілері,  еңбек  қатынастарын  реттеудегі  мемлекеттік 

органдардың құзіреті, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік. 

-  Ерекше:  еңбек  шарты,  еңбек  тəртібі,  жұмыс  уақыты,  демалыс  уақыты, 

еңбек  төлемақысы,  кəсіби  даярлық,  тараптардың  материалдық  жауапкершілігі, 

жұмысқа  тұруы,  жеке  жəне  ұжымдық  еңбек  дауларын  қарау,жұмыскердің 

жекелеген санаттағы еңбек ерекшеліктерін реттеу, еңбек заңдарын бақылау. 



 

Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу əдістері. 

Еңбек  құқығының  əдістері – еңбектік  қатынастарды  реттеуге 

қолданылатын тəсілдер деп танимыз. Тəсілдер: 

- орталықтан мемлекеттік реттеу; 

- шарттық реттеу; 

- локальдік актілерді қолдана реттеу (жергілікті). 

Əдістерін келесі белгілері бойынша анықтауға болады: 

-  Еңбектік  жəне  одан  туындайтын  қатынастарды  реттеудегі  императивті 

жəне диспозитивті нормалардың бірлесуімен; 

- құқықтық реттеу пəніндегі орталықтандырылған, локальдік жəне шартты 

əдістердің бірлесуі; 

-  қоғамдық  қатынастарды  реттеуде  əлеуметтік  əріптестік  келісімдері 

кеңінен қолданылумен; 

-  жалдамалы  еңбекті  қолдануды  реттеудің  бірлігі  мен  дифференциясы 

(біртұтастығы);еңбек дауларын шешудің ерекше тəртіппен белгіленуі. 

Əдістердің ерекшеліктері: 

- еңбек қатынастарын реттеуде келісім əдістерін басым қолдану; 

- жекеше жəне ұжымдық əдістерді қолдану; 

- еңбекте ынталандыру мен міндеттеу əдістерін тиімді қолдану. 

 Еңбек қатынастарын реттеудің басты əдісі - əлеуметтік-əріптестік əдіс: 

- кəсіпорын деңгейде – ұжымдық шарт; 

-  салалық  жəне  өңірлік  деңгейде – салалық  келісімдер,  аймақтық 

келісімдер; 

- республикалық  деңгейде – бас келісім.  

 

Еңбек құқығының қағидалары. 

Кез  келген  құқық  саласының  оны  басқа  құқық  салаларынан  ажырататын 

негізгі белгілерінің бірі – қағидаларының жүйесі. 



185 

 

Құқықтық  қағидалар-  қандай  да  бір  құқық  саласының  түпнегізін 



айқындайтын ж/е нормаларынан көрініс табатын негізігі идеялар, ереже, бастау. 

Еңбек  құқығының  қағидалары  еңбек  қатынастарын  реттеу  үшін  негізге 

алынатын басты идеялар. Жалпы құқықтық қағидаларға барлық құқық саласына 

тəн принциптер жатады. Дəстүрлі түрде мына қағидалар жатады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет