ҚҰҚЫҚ негіздері


Қызметкер ретінде ҚР азаматтарының құқыққабілеттілік критерийі



Pdf көрінісі
бет137/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   389
Қызметкер ретінде ҚР азаматтарының құқыққабілеттілік критерийі 

Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп тараған 

жəне  ең  кең  таралған  тобы.  Азаматтар  еңбек  құқығының  субъектісі  ретінде 

жалданбалы  еңбек  қызметкерлеріне,  кəсіпкерлерге,  жұмыс  істейтін  меншік 

иелеріне  бөлінеді.  Жалданбалы  еңбек  қызметкерлері,  өз  кезегінде, 

жұмысшыларға,  инженерлік-техникалық  құрамға,  қызметшілерге,  жұмыс 

істейтін  зейнеткерлерге  жəне  т.б.  бөлінеді.  Барлық  азаматтарға  еңбек  құқық 

қабілеттігінің жалпы талаптары да таралады, олар: жасына қатысты қойылатын 

талап, ерікті жəне əлеуметтік талап.  

Азаматтардың  еңбек  құқығы  субъектілері  ретінде  еңбекке  қатысты  іс 

жүзіндегі  қабілеті  болуы  тиіс.  Əрине,  бұл  қабілеттер  жекелеген  адамның  дене 

жəне  ақыл-ой  ерекшеліктеріне  байланысты  болады.  Еңбек  заңнамасына  сəйкес 

16  жасқа  толған  азаматтарды  ғана  жұмысқа  алуға  болады.  Жекелеген 

жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жас өспірімдерді де жұмысқа алуға 

рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем 

болмауы тиіс.  

Ерікті  талап  азаматтардың  еңбекке  жəне  кəсіпкерлік  қызметке  қатысты 

ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен əрекет қабілеттігінен 

айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. 

Əлеуметтік  талап  ҚР  азаматтарының  барлығы  үшін  еңбек  құқық 

субъектілігін білдіреді, яғни, қолданыстағы заңнамада барлық еңбекке қабілетті 

азаматтар  үшін  еңбек  саласындағы  тең  мүмкіндіктер  берілген.  ҚР 

Конституциясына  сəйкес  əрбір  азамат  еңбек  ету  бостандығына,  қызмет  пен 

кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет