ҚҰҚЫҚ негіздері


Жұмыс берушінің актісінің құқықтық мəртебесі



Pdf көрінісі
бет147/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   389
Жұмыс берушінің актісінің құқықтық мəртебесі. 

       ҚР Еңбек кодексінің 10-бабына сəйкес, еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек 

қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс 

берушінің  актісінде,  келісімде  жəне  ұжымдық  шартта  реттеледі.  Əлеуметтік 

əріптестік  тараптары  келісімдерінің,  ұжымдық  шарттың,  еңбек  шартының, 

жұмыс  беруші  актілерінің,  ҚР  еңбек  заңнамасымен  салыстырғанда 



199 

 

қызметкерлердің  жағдайын  нашарлататын  ережелері  жарамсыз  деп  танылады. 



Келісімдердің,  ұж.шарттың,  еңбек  шартының  талаптары  біржақты  тəртіппен 

өзгеруге  жатпайды.  Жұмыс  беруші  Еңбек  кодексіне  жəне  өзге  де  нормативтік 

құқықтық  актілерге,  еңбек  шартына,  келісімдерге,  ұжымдық  шартқа  сəйкес  өз 

құзыреті  шегінде  актілер  шығарады.  Жұмыс  беруші  Еңбек  кодексінде, 

ұжымдық  шартта  көзделген  жағдайларда,  қызметкерлер  өкілдерінің  келісімі 

бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады.  Жұмыс берушінің 

ҚР  еңбек  заңдарымен,  ұжымдық  шартпен,  келісімдермен  салыстырғанда 

қызметкерлердің  жағдайын  нашарлататын  не  жұмыс  берушінің    еңбек 

қатынастарына  өзге  де    қатысушыларының  пікірінсіз  өзі  ғана,  яғни  рəсімдер 

сақталмай    шығарылған  актілері  жарамсыз  болып  табылады.  Актіні  шығарар 

алдында жұмыс беруші оның жобасын жəне ол бойынша негіздемені ҚР ЕК-нің 

266-бабына сəйкес құрылатын комиссияға ұсынады. Ол комиссия жұмыс беруші 

актісінің  жобасы  табыс  етілген  күннен  бастап 3 жұмыс  күнінің  аспайтын 

мерзімде  талқыға  салады.  Комиссияның  шешімдері  хаттамамен  рəсімделеді, 

онда қызметкерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні не 

келіспейтіні көрсетіледі, ұсыныстары болса қоса жазылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет