ҚҰҚЫҚ негіздері


 Еңбек шартының түсінігі мен мазмұны. Жеке еңбек шарты. Еңбек



Pdf көрінісі
бет148/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   389
9.4 Еңбек шартының түсінігі мен мазмұны. Жеке еңбек шарты. Еңбек 

шартын бұзу мен тоқтату негіздері, өндірістік есебі мен рəсімдеуі. 

Ұжымдық шарттың түсінігі, маңызы. Ұжымдық шартты жасау, өзгерту 

жəне бекіту тəртібі 

Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек тəртібіне бағына 

отырып,  белгілі  бір  еңбек  функциясын  (белгілі  бір  мамандық,  біліктілік  жəне 

кəсіп  бойынша  жұмысты)  орындау  міндетін,  ал  жұмыс  берушінің  қызметкерге 

уақтылы  жəне  толық  көлемде  жалақы  төлеп  отыру  жəне  қалыпты  еңбек 

жағдайларын  қам.  ету    міндетін  көздейтін  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің 

арасындағы жазбаша келісім. 

Еңбек шартында: 

1. тараптардың деректемелері: 

-  Жұмыс  беруші-  жеке  тұлғаның  тегі,  аты,  əкесінің  аты,  тұрақты  тұратын 

мекен-жайы,  жеке  басын  куəландыратын  құжаттың  атауы,  нөмірі,  салық 

төлеушінің тіркеу нөмірі; 

-  Қызметкердің  тегі,  аты,  əкесінің  аты,  жеке  басын  куəландыратын 

құжаттың  атауы,  нөмірі,  берілген  күні,  салық  төлеушінің    тіркеу  нөмірі,  

əлеуметтік жеке  коды; 

2.  белгілі  бір  мамандық,  біліктілік  немесе  лауазым  бойынша  жұмысы 

(еңбек функциясы); 

3. жұмыстың атқарылатын орны; 

4. еңбек шартының мерзімі; 

5. жұмыстың басталу күні; 

6. жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі; 



200 

 

7. еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары; 



8. жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттері; 

9. еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тəртібі, 

10.егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса жəне (н\е)  зиянды (ерекше 

зиянды)  жəне  (н\е)  қауіпті  жағдайларда  орындалатын  болса,  еңбек 

жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен өтемақылар; 

11. кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тəртібі; 

12. сақтандыру ж-де талаптар; 

13. тараптардың жауапкершілігі; 

14. жасалу күні мен реттік нөмірі болуы тиіс. 

ҚР  еңбек  заңнамасымен  салыстырғанда  қызметкердің  жағдайын 

нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады. 

Еңбек шартын бекіту. 

Еңбек  шарты  жазбаша  нысанда  кемінде 2 дана  етіп  жасалады  ж\е  оған 

тараптардың  қолдары  қойылады.  Еңбек  шарты  бір-бір  данадан  қызметкер  мен 

жұмыс  берушіде  сақталады.  Қызметкердің  еңбек  шартының  бір  данасын  алуы 

жазбаша  еысанда  расталады.  Еңбек  шартына,  оның  ішінде  басқа  жұмысқа 

ауыстыру  кезінде,  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуді  тараптар  жазбаша 

нысанда  жүзеге  асырады.  Еңбек  шартының  талаптарын  өзгерту  туралы 

ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді ж\е екінші 

тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде қарайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет