Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен
есепке алу.
Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау қызметінің жəне ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым
қызметкерлерінің өкілдері қол қояды жəне оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның
мөрімен расталады.
Улану жағдайында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де
қол қояды. Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт
толтырып, оған жұмыс беруші қол қояды. Акт тергеп-тексеру материалдарына
сəйкес рəсімделуге тиіс. егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
кезінде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық
себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін
қолданып, қызметкер мен жұмыс берішінің кінəсін поцентпен айқындайды.
əрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш
күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына
жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс
берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі –
мемлекеттің еңбек инспекциясына жіберіледі. Актімен рəсімделген əрбір
жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды жəне денсаулыққа
келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады жəне
өндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен жарақаттану туралы
статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қойып, белгіленген
тəртіппен статистика органдарына ұсынады. Жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |