ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет236/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   389
11.9 Жазаның мақсаттары 

Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде 

жазаның мақсаттары - əлеуметтік əділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды 

түзеу,  сотталғандарды  да,  басқа  адамдарды  да  жаңа  қылмыстарды  істеуден 

алдын ала сақтандыру екендігі аталған. 

Əлеуметтік  əділеттілікті  қалпына  келтіру,  сотталған  адамға  жаза 

тағайындау жəне оны орындау арқылы түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны 

сақтандыру жазаның арнайы ескертуі болып табылады. 

Əлеуметтік əділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға 

əділ жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян 

мөлшері,  жаза  тағайындаудың  басты  негіздері,  кінəлінің  жеке  басының 

ерекшеліктері  ескеріле  отырып,  қылмысына  сай  келетін  əділ  жаза  тағайындау 

болып  табылады.  Əлеуметтік  əділеттілікті  қалпына  келтіру  үшін  заңдылық 

қағидасын  қатаң  басшылыққа  алып  жасалған  қылмысқа  əділ  құқықтық  баға 

жəне лайықты жаза тағайындау қажет. 

Жазаның  мақсаттары  қылмыстық  құқықтың  жалпы  міндеттері  арқылы 

белгіленеді.  Қылмыстық  кодекстің 2-бабындағы  осы  заңның  міндеттері  заң 

қорғайтын  мүдделерді  қорғау,  алдын  алу  делінсе,  ол  міндеттерді  іске  асыру 

үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы анықталады, 

қылмыс  істеген  адамдарға  қолдануға  тиіс  жазалар  мен  өзге  де  қылмыстық 

құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. 



289 

 

Арнайы  сақтандырудың  иелері  болып  қылмыс  істеп  сотталғандар 



табылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеуі 

фактісінің  орын  алмауы  болып  табылады.  Жазаның  осы  көздеген  мақсатына 

жетуінің құралы – сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын 

мүлтіксіз  орындау  рухында  тəрбиелеу  болып  табылады.  Бұл  жерде  түзеу 

дегеніміз  қылмыс  істеп  сотталған  тұлғаның  əлеуметтік,  психологиялық 

көзқарасын өзгертіп, қылмыстық құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз 

күнкөріс  деген  пиғылдарын  жазадан  қорықса  да  өзгертіп,  дұрыс  жолға  салу 

болып табылады. 

Сондықтан  қылмыскерге  жаза  тағайындау  арқылы  оны  түзеу  жазадан 

қорықса  да  қылмыс  істемейтін,  заң  талаптарын  қалт  жібермей  мүлтіксіз 

орындайтын  адам  ретінде  қалыптастыру  болып  табылады.  Жазаның  басқа  бір 

мақсаты – басқа бір адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. 

Бұл  қылмыс  істемеген,  бірақ  тəртіптік,  əкімшілік  құқық  қалыптарын  бұзып, 

бейморальдық  күйге  түсіп  жүрген,  қылмыс  істеуі  мүмкін,  тұрақсыз 

элементтерге бағытталады. Мұндай əлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық 

құқықта  көрсетілген  жазалармен  қорқыту  арқылы  жəне  қылмыс  істеген 

адамдарға жазаны сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы 

түрі  болып  табылады.  Мұндай  сақтандыру  қылмыстық  құқықтың  тəрбиелік 

функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық нормаларының 

жеке  түрлерінің  санкцияларында  көрсетілген  жазаларда  қылмыс  істеген  кінəлі 

адамдарға  қолданбақшы  болып  қорқыту  арқылы  қылмыстық  заң  барлық 

адамдарға,  олардың  психологиялық  санасына  əсер  ету  арқылы,  олардың 

əлеуметтік  əділеттілікті,  адам  өмірінің  қорғалуының,  құқықтық  тəртіпті 

нығайтудың  қажеттілігі  туралы  көзқарастарының  қалыптасуына  жағдайлар 

туғызады. 

Сол  сияқты  жаза - қылмыстының  жанын  қинау  немесе  адамгершілік 

намысына  тиіп,  қорлау  мақсатын  көздемейді.  Бұл  тарихи  қалыптасқан 

қылмыстық  құқықтың  адамгершілік  қағидасы  болып  табылады.  Осы  жерде 

жазаның  мақсаттары туралы заң нормасының өзінде қарама-қайшылық жоқ па 

екен  деген  заңды  сұрақ  туады.  Жаза  сотталғандардың  құқықтары  мен 

бостандықтарына  шек  қою  арқылы,  сөз  жоқ,  оның  жанын  қинайды, 

адамгершілік  намысына  тиеді.  Бұл  жердегі  қарама-қайшылықты  жою  үшін 

жазаның  мақсаты  мен  құрамын,  мазмұнын  дұрыс  айыра  білген  жөн.  Жаза 

қылмыстының  жанын  қинау  немесе  адамгершілік  намысына  тиіп,  қорлау 

мақсатын  тіпті  де  көздемейді.  Сотталған  адамдардың  құқықтары  мен 

бостандықтарына  заңда  көрсетілген  шектерді  қою  жазаның  мазмұнын,  ал 

арнайы  жəне  жалпы  сақтандыруды  іске  асыру  жазаның  мақсатына  жету 

құралын  құрайды.  Сотталған  адамның  қоғамнан  оқшауланып,  түзеу 

мекемесінде  жазасын  өтеуі,  əрине,  оның  жанын  жеуі  сөзсіз,  бұл  жазаның 

жазалау элементтері болып табылады. 




290 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет