ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет244/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   389
Абақтыда ұстау 

Қылмыстық  кодекстің 46-бабының 1-бөлігіне  сəйкес  абақтыда  ұстау 

сотталған  əскери  қызметшіні  тағайындалған  жазаның  барлық  мерзімінде 

қоғамнан оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді. 

Абақтыда  ұстау  өзінің  мəні  жөнінен  қысқа  мерзімдегі  бас  бостандығынан 

айыру болып табылады. Абақтыда ұстау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда 

тура  көрсетілген  ретте  ғана  тағайындалады.  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше 

бөлімінің  көптеген  баптарында  қамау  балама  негізгі  жаза  ретінде  көрсетілген. 

Мысалы: 368-баптың 1-бөлігі – бастыққа  қарсылық  көрсету  немесе  оны 

қызметтік міндеттерін бұзуға мəжбүр ету; 369-баптың 1-бөлігі – бастыққа қарсы 



297 

 

күш  қолдану  іс-əрекеттерін  қолдану; 374-бап 1-бөлігі – дене  мүшесіне  зақым 



келтіру  жолымен  немесе  өзге  тəсілмен  əскери  қызметтен  жалтару; 375-бап 1-

бөлігі жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу, т.б. 

Абақтыда ұстау бір айдан үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді. 

Осы  жазаны  өтеудің  нақты  тəртібі  қылмыстық  атқару  заңдарымен 

реттеледі.  Сот  үкімі  бойынша  абақтыда  ұстау  жазасы  тағайындалғандар 

сотталғандық атақ алады. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет