ҚҰҚЫҚ негіздері


Қоғамдық жұмыстарға тарту



Pdf көрінісі
бет240/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   389
Қоғамдық жұмыстарға тарту 

Өзі  басқару  органдарының  актілерімен  қоғамдық  жұмыстарға  тарту  деп 

жергілікті  атқарушы  немесе  жергілікті  өзін  басқару  органдары  белгіленген 

жұмыстарды  сотталған  адамның  қоғамның  пайдасына  тегін  істеуін  айтады. 

Жазаның  бұл  түрі  негізгі  жаза  ретінде  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше 

бөліміндегі  баптардың  санкцияларында  тікелей  көрсетілген  жағдайларда  ғана 

қолданылады.  Қоғамдық  жұмыстардың  сот  ұзақтығын 60 сағаттан 200 сағатқа 

дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын мөлшерде тағайындайды жəне сотталған адам 

оны  негізгі  жұмысынан  жəне  оқуынан  бос  уақытында  тегін  өтейді.  Сотталған 

адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  арқылы  белгіленеді.  Сотталған  адам 

қоғамдық  жұмыстарды  орындаудан  жалтарған  ретте  олар  осы  Кодекстің 

тиісінше 45 жəне 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын 

шектеумен  немесе  қамауға  алумен  ауыстырылады.  Бұл  орайда  сотталған  адам 

қоғамдық  жұмысты  өтеген  уақыт  сегіз  сағат  қоғамдық  жұмыс  үшін  бас 

бостандығынан шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі. 

Əскери  қызметшілерге,  елу  сегіз  жастан  асқан  əйелдер  мен  алпыс  үш 

жастан  асқан  еркектерге,  жүкті  əейлдерге,  сегіз  жасқа  дейінгі  балалары  бар 

əйелдерге, I немесе II топтағы  мүгедектерге  қоғамдық  жұмысқа  тарту 

тағайындалмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет