ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет272/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   389
Бiрiншiден,  жер  құнарлыққа  ие.  Құнарлық  табиғи  жəне  жасанды 

(экономикалық) болуы мүмкiн. Табиғи құнарлық – ұзақ мерзiм бойғы құнарлану 

процесiнiң  нəтижесi.  Бұл  топырақта  құнарлы  заттардың  болуымен  жəне 

өсiмдiктер əлемi үшiн қолжетiм-дiлiкпен анықталады.  




376 

 

Табиғи  құнарлылық  мелиорация  жəне  агротехника  арқылы  адамның 



топырақтың  химиялық,  биологиялық  жəне  физикалық  қасиетiне  əсер  етуi 

арқылы жасандыға ауысады. 



Екiншiден,  жер – табиғи  табиғаттың  өнiмi,  өзге  өндiрiс  құралдары  сияқты 

адам қолымен жасалмаған. 



Үшiншiден, 

жер 


айырбасталмайды. 

Өзге 


өндiрiс 

құралдарынан 

айырмашылығы, еш нəрсемен айырбастай алмайсың. 

Төртiншiден, жердi пайдалану жердiң тұрақтылығымен ерекшеленедi. Жердi 

өзге  өндiрiс  құралдары  сияқты  басқа  бiр  жерге  ауыстырып,  қолдануға 

болмайды. 

Бесiншiден, жер бетi шектеулi. Жердi өзге өндiрiс құралдары сияқты сандық 

жағынан ұлғайтуға болмайды. 

Аталған белгiлер мен себептерге байланысты жер – сату-сатып алу объектiсi 

болғанымен  жəне  мүлiк  ретiнде  танылғанымен,  өндiрiстiк  қызмет  нəтижесiнде  

пайда болатын мүлiкпен, өнiммен немесе өзге затпен теңеспейдi. Сол себептен, 

жердi  азаматтық  айналымның  еркiн  объектiсi  ретiнде  тануға  болмайды  жəне 

табиғи  ресурс  ретiнде  сақталуын,  ұтымды  жəне  мақсатты  пайдаланылуын 

қамтамасыз етуiмiз қажет. 

Құқықтық  қатынастардың  қоғам  талаптарына  сай  өзгеруi  жер  құқығы  пəнi 

мен  мiндеттерiнiң  өзгеруiне  əкеп  соғады.  Нарықтық  экономика  жəне  тұрақты 

даму  жағдайында  жер  меншiк  иелерi  мен  жер  пайдаланушылардың  дербестiгi, 

жер  құқық  қатынастарының  демократиялылығы,  жер  меншiк  иелерi  мен  жер 

пайдаланушылардың  құқықтарының  кең  ауқымға  жетуi  сияқты  құбылыстар 

орын  алып  отыр.  Нəтижесiнде  жер  құқығының  пəнi  мен  мiндеттерi  өзгерiске 

ұшыраған. Жер құқығының пəнi дегенiмiз – жер құқық нормаларымен реттелген 

қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы,  яғни  жер  құқық  қатынастары.  Жер 

кодексiнiң 12-ба-бының 10) тармақшасына сəйкес, жер құқық қатынастары деге-

нiмiз – жерге меншiк құқығын жəне өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, 

жер  ресурстарын  басқаруға,  жекелеген  субъек-тiлерге  жер  учаскелерiн  бекiтiп 

беруге  байланысты  жердi  пайдалану  мен  қорғау  жөнiндегi  қатынастар  болып 

табылады. 

Жер құқық қатынастарының өзiне тəн белгiлерi:  

 бұл қатынастар жердi пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге 

бағытталған; 

  бұл  қатынастар  жердi  меншiк  объектiсi,  пайдалану  объектiсi,  аумақтық 

кеңiстiгi жəне табиғат байлығы ретiнде қарастырады; 

  бұл  қатынастар  жер  құқық  нормаларымен  қатар,  өзге  де  құқық 

салаларының  нормаларымен реттеледi; 

  бұл  қатынастар  тек  жер  учаскесiн  пайдалану  емес,  сонымен  қатар,  жер 

учаскесiнде  орналасқан  жылжымайтын  мүлiктi  де  пайдаланумен  байланысты 

қатынастар; 



377 

 

Жер  құқық  қатынастарының  да  өзге  құқық  қатынастары  сияқты  өзiне  тəн 



болатын  объектiсi,  субъектiсi  жəне  мазмұны  болады.  Жер  құқық 

қатынастарының объектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының жер қоры, жер 

учаскесi жəне жер үлесi танылады. 

А.Х.  Хаджиевтiң  пiкiрi  бойынша:  жер  құқығы  қатынастарының  жалпы 

объектiсi – елiмiздiң  экономика  салаларында  қолданылып  жатқан  жəне 

қолдануға мүмкiн болатын елiмiздiң жер ресурсы, барлық жер қоры құрайды. 

Ал, Ə.Е.  Бектұрғанов жер құқық қатынастары жердiң өзi туралы емес, оның 

құқықтық мəртебесi туралы қатынастар оның объектiсi болып саналады дейдi.  

Жер  қоры  Қазақстан  аумағының  барлық  жерлерiнiң  жиынтығы.  Қазiргi  жер 

қоры нысаналы мақсатына сəйкес, жетi санат-қа бөлiнедi: 

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;  

2)  елдi  мекендердiң  (қалалардың,  кенттер  мен  ауылдық  елдi  мекендердiң) 

жерi; 

3)  өнеркəсiп,  көлiк,  байланыс,  қорғаныс  жəне  өзге  де  ауылшаруашылығы 



мақсатына арналмаған жерлер; 

4)  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар,  сауықтыру  мақсатындағы, 

рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер; 

5) орман қорының жерi; 

6) су қорының жерi; 

7) босалқы жерi; 

Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы  № 3 

Қаулысымен  «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану 

жөнiндегi 2005–2008 жылдарға  арналған  бағдарламасы»  бекiтiлдi.  Онда 

мынадай көрсеткiштер орын алды. 

Қазақстан  аумағы  бойынша  Азиядағы  үшiншi  ел,  он  табиғи-ауыл 

шаруашылығы  аймақтарын  қамтитын 272,5 млн.  гектар  аумақты  алып  жатыр. 

Далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi жəне шөлдi төрт аймақтың үлесiне 

жалпы  аумақтың 87,4% жəне  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының 88,3 % 

жатады. 

Елдегi  жерде  болып  жатқан  өзгерiстер  жер  қорын  санаттар  мен  алқаптар 

бойынша бөлуде белгiлi бiр өзгерiстерге алып келдi: 

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамынан қордағы жерлер қатарына 

жəне өзге санаттарға 135,0 млн. га (62 %) жер ауыстырылды; 

өнеркəсiп,  көлiк,  байланыс,  қорғаныс  жəне  өзге  де  ауыл  шаруашылығына 

арналмаған жерлердiң ауданы 8 есе азайды; 

мемлекеттiк орман қоры жерiнiң ауданы 5,6 %-ға өстi; 

су қоры жерi – 4,4 есе өстi; 

ауылдық  (селолық)  округтерге  мал  бағу  жəне  басқа  да  мақсаттар  үшiн 

қосымша  жерлердiң  берiлуiне  байланысты  ауылдық  елдi  мекендер  жерiнiң 



378 

 

ауданы 11 есе  өстi.  Олардың  ауданы 20,4 млн.  га,  оның  iшiнде  қалалар  мен 



кенттердiң жерi – 1,9 млн. га, ауылдық елдi мекендердiкi – 18,5 млн. га құрады; 

реформаланған 

ауыл 

шаруашылығы 



кəсiпорындарының 

бөлiнбеген 

жерлерiнiң,  сондай-ақ  өнеркəсiп  жəне  ауыл  шаруашылығына  арналмаған, 

пайдаланылмай  жатқан  ауданы 100 млн.  гектардан  астам  өзге  де  жерлер 

қордағы  жердiң  құрамына  шығарылды.  Нəтижесiнде  республикада  қордағы 

жерлердiң аудан 6 есе өстi. 

Қазақстан  Республикасының  жер  қоры  өзiнiң  табиғи  ерекшелiктерiне  қарай, 

негiзiнен, ауыл шаруашылығы алқаптарынан тұрады (81,7%), орман алқаптары 

мен  ағашты-бұталы  екпелер  республиканың  жер  қорының  құрылымында  бар-

жоғы 5,3%-ды, су мен батпақ астындағы жерлер – 3,2%, басқа алқаптар жалпы 

жер алаңының 9,8%-ын құрайды. 

Республиканың жер қорының 81,7%-ын ауыл шаруашылығы алқаптары алып 

жатыр, олардың iшiнде шөлдi жəне жартылай шөлдi типтегi жайылымдар басым 

(84,9%), ал егiстiк 10,2%-ды құрайды. 

Республиканың  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  құрылымында  ауыл 

шаруашылығы  мақсатындағы  жерлердiң  үлес  салмағы 38,5%. Ауыл 

шаруашылығы  алқаптарының  елеулi  ауданы  босалқы  жер  қорының (50,6%), 

елдi мекендердiң (8,6 %), орман қорының (3,6%) құрамында орын алады. 

Тəлiмдi (суарылмайтын) егiстiктiң 70%-ынан астамы үш облыстың – Ақмола, 

Қостанай мен Солтүстiк Қазақстан облыстарының үлесiнде; суармалы егiстiктiң 

60,7%-ы  Алматы  мен  Оңтүстiк  Қазақстан  облыстарында,  ал  жайылымдардың 

неғұрлым  үлкен  ауданы  Қарағанды  мен  Ақтөбе  облыстарында,  тиiсiнше: 35,5 

млн. га (18,8%) жəне 25,5 млн. га (14,1%) шоғырланған. 

Реформа  жылдарында  ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  құрылымындағы 

егiстiкте айтарлықтай өзгерiстер болды. Егiстiкте өңделген жердiң 12,8 млн. га 

(1/3 шамасында) айналымнан шықты. 

Қазiргi  кезде  республикада  көпжылдық  екпелер 121,8 мың  гектарды,  оның 

iшiнде:  бақтар – 97,6 мың  гектар,  жүзiмдiктер – 13,7 мың  гектар  жердi  алып 

жатыр. Жер реформасы жылдары көпжылдық екпелер ауданы 41,4 мың гектарға 

немесе 25%-ға, оның iшiнде есептi жылда – 1,2 мың гектарға кемiдi. 

Шабындықтардың  ауданы  есептi  кезеңде 5,0 млн.  гектарды  құрайды,  оның 

iшiнде: 62,4 мың  гектары – жақсартылған,731,8  мың  гектары – көлтабанды 

суармалы жерлер. 

Республикада алқаптардың негiзгi түрi болып жайылым табылады. Олар ауыл 

шаруашылығы  алқаптарының 189,0 млн.  гектарын  немесе 84,9%-ын  алады. 

Жайылымдардың  жалпы  ауданының 116,9 млн.  гектарын  немесе 61,6%-ын 

суландырылатыны,  

4,8  млн.  гектарын  немесе 2,6%-ын – жақсартылғаны  құрайды.  Республиканың 

жер  қорының 49,7 млн.  гектарын  немесе 18,3%-ын  ауыл  шаруашылығына 

арналмаған алқаптар алады. 




379 

 

Республикада  жер  реформасын  жүргiзу  мемлекеттiк  монополияның 



жойылуына  жəне  жерге  жеке  меншiк  құқығының  бiрте-бiрте  таралуына  алып 

келдi.  Азаматтар  мен  мемлекеттiк  емес  заңды  тұлғалардың  жеке  меншiгiнде 

жалпы көлемi 589,9 мың гектар 3 миллионнан астам жер учаскелерi бар. 

Республиканың  жер  ресурстары,  оларды  ұтымды  пайдалан-ған  жəне 

жақсартқан  жағдайда  iшкi  жəне  экспорт  сұраныстарын  қанағаттандыратын 

көлемде əртүрлi өнiмдер өндiрiсiн қамтамасыз ете алады. 

Мұндай  көрсеткiш  жыл  сайынғы  жер  қатынастарының  өзгермелi  қасиетiне 

байланысты,  сонымен  қатар,  жердi  пайдаланудың  сипатына  қарай  əрдайым 

өзгерiске  түсiп  отырады.  Əрбiр  жер  санатындағы  жерлер  жер  құқық 

қатынастарының  объектiсi  ретiнде  өзiнiң  құрылымын  сақтап  қалып,  ал,  жер 

санаттарының  пайдаланылу  алаңын  құрайтын  жер  көлемi  тұрақсыз  шамамен 

өлшенедi. 

Бұл жағдай жер қорының жер санаттарына бөлiну нормасы мен оларды жер 

құқық қатынастарының объектiсi деп танитын құқықтық норманың заңды күшiн 

жоюға  негiз  бола  алмайды.  Керiсiнше,  жер  құқық  қатынастарының  дамуы 

бiртiндеп  тиiмдiлiк  тұрғысында  жер  санаттарының  объективтiк  көрiнiсiн 

ұлғайтуға  өз  септiгiн  тигiзуi  мүмкiн.  Осы  санаттардағы  жер  көлемiнiң  өзгерiп 

отыруына,  сыртқы  факторлардың  əсерi  нəтижесiнен  барып  туындайтын 

қоғамның заңдылық күшi тiкелей ықпал жасайды.  

Жер  учаскесi  дегенiмiз – белгiленген  тəртiппен  жер  қатынастары 

субъектiлерiне  бекiтiлiп  берiлген  тұйық  шекара  iшiндегi  бөлiнген  жер  бөлiгi 

(Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 12-бап 13-тармағы).   

Жер учаскесiнiң мынадай белгiлерi бар:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет