ҚҰҚЫҚ негіздері


Жердi нысаналы пайдалану қағидасы



Pdf көрінісі
бет280/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   389
Жердi нысаналы пайдалану қағидасы. Бұл қағида жер құқығының барлық 

институттарының  мазмұнын  қамтиды.  Егер  мүлiк  (үйлер,  ғимараттар,  көлiк 

құралдарын  жəне  т.б.)  өз  мақсатында  емес  басқа  мақсатта  қолдануға  мүмкiн 

болса,  жердi  оның  пайдалану  режимiн  куəландыратын  құжатта  көрсетiлмеген 

пайдалануға  болмайды.  Мəселен,  осы  мақсат  көрсетiлмесе  егiстiкке  бөлiнген 

жерге  орман  ағаштарын  отырғызуға  болмайды  немесе  керiсiнше  орман 

ағаштарын отырғызуға арналған жердi егiстiкке пайдалануға болмайды. 

Жердiң  нысаналы  мақсаты  бұл  жердiң  категориясына  сəйкес,  заңмен 

белгiленген тəртiп пен жағдайды нақты мақсатта пайдалану шегi. 

Сонымен бiрге, жердiң құқықтық режимi оларды пайдаланудың ережелерiмен 

жəне жер, орман, су, қоршаған ортаны қорғау заңдарымен жəне жер қойнауын 

қорғау заңдарына сəйкес, азаматтық айналымға енгiзу, қорғау, мониторинг жəне 

есептеу  ар-қылы  жердiң  анықталған  категориясын  қамтуы  негiзiнде 

анықталады. 

Жердiң  негiзгi  санаттарының  құқықтық  режимi  жəне  нысаналы  мақсаты – 

Қазақстан  Республикасының  жер  заңдарымен  жəне  жер  орналастыру 

құжаттарымен анықталады. 

Жер  кодексiнiң 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына  сəйкес,  жер 

учаскелерiнiң меншiк иесi жердi оның нысаналы мақсатына сəйкес, ал, уақытша 

жер пайдалану негiзiнде – жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына 

(өтеусiз  уақытша  жер  пайдалану  шартына)  сəйкес,  пайдалануға  мiндеттi.  Жер 

учаскесiнiң  нысаналы  мақсатын  анықтамай  меншiк  құқығы  немесе  жер 

пайдалану  құқығы  пайда  болуы  мүмкiн  емес.  Жердiң  нысаналы  мақсатын 

өздiгiнше өзгерту құқық бұзушылық болып табылады жəне меншiк құқығының 

немесе  жер  пайдалану  құқығының  тоқтатылуына  негiз  болуы  мүмкiн.  Жердi 

нысаналы пайдалану барлық жер заңдарының спецификасын көрсететiн қағида 

болып  табылады.  Жердi  нысаналы  пайдалану  жердi  санаттар  мен  алқаптарға 

бөлу негiзiн құрайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет