ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жерге мемлекеттiк меншiк құқығы, оның объектiлерi мен



Pdf көрінісі
бет287/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   389
14.5.2  Жерге мемлекеттiк меншiк құқығы, оның объектiлерi мен 

субъектiлерi жəне жүзеге асыру ерекшелiктерi  

Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес, жерге меншiк құқығы екi 

түрге бөлiнедi: Жерге мемлекеттiк меншiк жəне жерге жеке меншiк құқықтары. 

1995  жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  жерге 




395 

 

меншiктiң  екi  нысаны  танылып  бiрдей  қорғалады  деп  бекiткен.  Жерге 



мемлекеттiк  меншiк  құқығы  деп – мемлекеттiң  Қазақстан  Республикасының 

аумағындағы  өзiне  тиесiлi  жер  учаскелерiн  заңда  көрсетiлген  талаптар  мен 

шарттар негiзiнде иелену, пайдалану жəне билiк ету құқығы болып танылады. 

Мемлекеттiк  меншiк  құқығының  объектiлерi  болып  жеке  меншiкке 

берiлмеген  жерлердiң  барлығы  табылады.  Мемлекеттiк  меншiктегi  жер 

учаселерiн  шартты  түрде  екi  түрге  бөлiп  қарастыруға  болады:  Айналымнан 

алынып  тасталған  жер  учаскелерi  жəне  айналымда  шектеулi  жер 

учаскелерi.Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 26-бабы жеке меншiкте 

бола алмайтын жер учаскелерiнiң түрлерiн нақты белгiлей отырып, жеке меншiк 

құқығының  объектiлерiн  шектеп  отыр.  Айналымнан  алынып  тас-талған  жер 

учаскелерi  жеке  меншiк  құқығында  бола  алмайды,  сəйкесiнше,  олармен  кез 

келген  азаматтық-құқықтық  мəмiлелер  жасауға  тыйым  салынған.  Ал, 

айналымда  шектелген  жер  учаскелерi  жеке  меншiкке  берiлмейдi,  дегенмен, 

заңда көзделген шектер мен тəртiпте жеке меншiкте болуi мүмкiн. Мемлекеттiк 

билiк  органдарына,  мемлекеттiк  ұйымдар  мен  мекемелерге  берiлген,  қорғаныс 

қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, 

сауықтыру  жəне  тарихи-мəдени  мақсаттағы,  орман  жəне  су  қорларының,  елдi 

мекендер  жерiндегi  ортақ  пайдаланудағы,  босалқы  жер,  оның  iшiнде  арнайы 

жер  қорының  жер  учаскелерi,  кенттер  мен  ауылдық  елдi  мекендердiң 

маңындағы  жайылымдық  жəне  шабындық  алқаптар,  сондай-ақ  жеке  меншiкке 

берiлмеген  шалғайдағы  жайылымдар  мен  басқа  да  жерлер  мемлекеттiк 

меншiкте болады.  

Мынадай жер учаскелерi:  

 қорғаныс жəне мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк мен-шiктегi қорғаныс 

өнеркəсiбi  қажеттерiне;  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттiк  шекарасын 

қорғау  жəне  күзету  үшiн  тұрғызылған  инженерлiк-техникалық  құрылыстар, 

коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;  

 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;  

 орман қорының жерi;  

 су қорының жерi;  

  магистральдық  темiр  жол  желiлерi  мен  ортақ  пайдаланудағы  автомобиль 

жолдары;  

 жеке  меншiк  құқығындағы үйлер мен ғимараттардың жəне оларға қызмет 

көрсетуге  қажеттi  жер  учаскелерiн  қоспағанда,  елдi  мекендердегi  ортақ 

пайдаланудағы  аумақтар  орналасқан  жер  учаскелерi  жеке  меншiкте  бола 

алмайды.  

Азаматтар жəне мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне:  

  тұрғын  халықтың  қажетiне  арнап  пайдаланылатын  жəне  соған  арналған 

жайылымдық жəне шабындық алқаптар;  



396 

 

  ортақ  пайдаланудағы  жолдар,  оның  iшiнде  шаруашылық-аралық  жəне 



мекенаралық  маңызы  бар,  сондай-ақ  ортақ  пайдаланудағы  жер  учаскелерiне 

өтуге арналған жолдар;  

  жер  учаскелерiнiң  екi  немесе  одан  көп  меншiк  иелерi  немесе  жер 

пайдаланушылар  бiрлесiп  пайдаланатын  суландыру  құрылыстары  (суландыру 

каналдары,  суағарлар,  құдықтар,  суат  пункттерi)  орналасқан  жер  учаскелерi 

берiлмейдi.  

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ 

пайдаланудағы автомобиль жолдарын жəне магистральды құбырларды кеңейте 

түсу  үшiн  белгiленген  тəртiппен  резервке  қойылған,  сондай-ақ  сəулет-қала 

құрылысының  жəне  (немесе)  құрылыстың  бекiтiлген  құжаттамасына  сəйкес 

əкiмшiлiк  жəне  əлеуметтiк  маңызы  бар  объектiлер  (əуежайлар,  əуеайлақтар, 

вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың 

əкiмшiлiк  ғимараттары,  ауруханалар,  мектептер,  мемлекеттiк  тұрғын  үй  қоры, 

парктер,  бульварлар,  гүлзарлар  жəне  қоғамдық  пайдаланудағы  басқа 

объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне 

дейiн  жер  пайдаланушыларға  басқа  мақсаттар  үшiн  уақытша  пайдалану 

құқығымен берiлуi мүмкiн.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет