ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жерге меншiк құқығының жəне өзге құқықтардың



Pdf көрінісі
бет300/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   389
 

1. Жерге меншiк құқығының жəне өзге құқықтардың  

пайда болу негiздерi 

 

Жepге меншiк немесе пайдалану құқығы: 



1) меншiк немесе жер пайдалану құқығын табыстау; 

2) меншiк немесе жер пайдалану құқығын беру; 

3)  меншiк  немесе  жер  пайдалану  құқығының  əмбебап  құқық-тық 

мирасқорлық  тəртiбiмен  ауысуы  (мұраға  қалдыру,  заңды  тұлғаның  қайта 

ұйымдастырылуы) арқылы туындайды. 

Меншiк  немесе  жер  пайдалану  құқығын  табыстау,  беру  жəне  оның  ауысуы 

жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс. 

Меншiк немесе жер пайдалану құқығы: 

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; 



404 

 

2) азаматтық-құқықтық мəмiлелердiң негiзiнде; 



3)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  де  негiздерде 

туындайды. 

 Жерге  меншiк  жəне  басқа  да  құқықтар  келесi  негiздер  арқылы  пайда  болу 

мүмкiн: 


1.  Меншiк  немесе  жер  пайдалану  құқығын  табыстау.  Табыстау  дегенiмiз – 

жердi  тұлғаға  тiкелей  мемлекет  арқылы  беруiн  бiлдiредi.  Азаматтарға  жəне 

заңды  тұлғаларға  жер  пайдалану  құқығын  табыстау  атқарушы  органның  жер 

учаскесiне құқық табыстау жөнiндегi құзыретiне сəйкес оның шешiмi негiзiнде 

жүргiзiледi.  

2.  Меншiк  немесе  жер  пайдалану  құқығын  беру;  Беру   дегенi-мiз – тұлғаға 

жерге құқықтың басқа бiр тұлғамен азаматтық құқықтық мəмiле арқылы беруiн 

бiлдiредi. 

3.  Əмбебап,  мирасқорлық  тəртiбi  арқылы  ауысуы.  Əмбебап,  мирасқорлық 

дегенiмiз – жерге  құқықтың  мұрагерлiк  арқылы  пайда  болуын  бiлдiредi. 

Мысалы: мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, т.б. 

Жер  учаскелерiн  меншiкке  немесе  жер  пайдалануға  берудi   облыстардың 

(республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың),  аудандардың  (облыстық 

маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар 

қалалардың,  кент-тердiң,  ауылдардың  (селолардың),  ауылдық  (селолық) 

округтер-дiң əкiмдерi өздерiнiң белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.  

Жер  кодексiне  сəйкес,  мемлекеттiк  меншiктегi  жерден  жер  учаскесiне 

құқықты табыстау мынадай ретпен жүргiзiледi:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет