2.Топырақты минималды өңдеу технологиясы дегеніміз не ?
3.Минималды өңдеу технологиясының артықшылықтары қандай ?
4.Минималды өңдеу технологиясының кемшіліктері неде ?
5.Қорытынды
Кіріспе
Республиканың егістікке жарамды жерлерінің басым көпшілігі ашық далалық және құрғақ далалық аймақтарында орналасқан. Олар солтүстік облыстардың көпшілік жерлерін, орталық және батыс облыстарды алып жатыр. Аталған аймақтарда жауын- шашын мөлшері 250 мм-ден 360 – 400 мм-ге дейін ауытқиды, желі күшті. Осыған орай бұл өңірлерде топырақ өңдеу жүйесінің жалпы жер еңдеу жүесіне қарағанда өз ерекшеліктері бар.
Топырақ ауыл шарушылық өндірісінің негізгі өндіріс құралы болғандықтан, оның барлық қасиеттерін, әсіресе құнарлығын, оның ішінде тиімді құнарлығын жақсарту мақсатымен адамдар әр түрлі агротехникалық шараларды жүзеге асырады.
Оның ішінде ең маңыздысы топырақты өңдеу технологиясы болып табылады . Э.Расел топырақ өңдеудің маңыздылығы оның құнарлығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор, өйткені тыңайтқыш беру арқылы біз топырақтың тек қоректену режимін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оны қопсытып ауа, ылғал және қоректік заттар режимдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді.
Топырақ өңдеуду жұмыстарының алдына мына төмендегідей мақсаттар қойылады:
Танапты қопсытып, соның нәтижесінде яғни аэрацияны жақсарту
Танаптағы ылғал қорын молайту үшін күзгі жауын-шашынды, ерте көктемдегі қар суын жерге жақсы сіңіру.