ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет31/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   389
Тарихи-құқық  мектебі.  ХІХ  ғасырда  Германияда  пайда  болған  құқық 

ғылымының  бағыты  болып  табылады.  тарихи-құқық  мектебінің  негізін 

қалаушылар  Г.Гуго,  К.Савиньи,  Г.Ф.Пухта  болып  табылады.  Олар  негізінен 

табиғи-құқық  теориясына  өздерінің  идеяларын  қарсы  қойды.  Тарихи-құқық 

мектебі өкілдерінің ойы бойынша, құқықтың негізгі қайнар көзі əдет-ғұрыптар 

болып  табылады  деп  саналды.  Құқықты  кодификациялау  басқа  да  тұрғыдан 

жасау,  мүлдем  терістелді.  Құқық  халық  рухымен  байланысты  өрбіп,  дамитын 

құбылыс  деп  есептеліп,  оны  тілдің  дамуымен  салыстырып  қарады. 

 

5



 Ағдарбеков Т. Құқық жəне мемлекет теориясы. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2012. – 132 б. 


59 

 

К.Савиньидің  ойы  бойынша,  ақыл-ой  емес,  заң  шығару  емес,  құқықты 



жасайтын  құқық  өзіндік  ішкі  даму  заңдылығына  сəйкес  қалыптасып,  дамитын 

тарихи-құбылыс  ретінде  қабылданды.  Құқық  түзушілік  ұзақ  тарихи  үрдісті 

қажет  етеді  деп  есептелді.  Құқықты  халық  санасының  дамуымен  тікелей 

байланыста қарастырды. Соған сəйкес құқықты тарихи тұрғыда оқып үйренуді 

ұсынды.  Оның  ішінде  С.Савиньи  рим  құқығын  оқып  үйренуді  алға  тартты. 

Құқықтың  тарихи  мектебін  одан  əрі  дамыту  Г.Ф.Пухтаға  бұйырылды.  Оның 

ойы  бойынша,  құқық  көзге  көрінбейтін  тұрғыда  қалыптасады,  бірақ  та  ол 

дамымайды. Құқықтың алғашқы нысаны əдет-ғұрып болып табылады, мемлекет 

оны кейіннен заң ретінде бекітеді, содан кейін барып оны заңгерлер оны оқып 

үйренеді  жəне  талқылайды.  Құқықтық  сананың  басты  сатыларының  бірі, 

заңгерлер  тарапынан  барқұқықты  оқып  үйрену  болып  табылады.  Бұл  теория  

өзінің  табиғаты  бойынша  консервативтік  сипаттағы  ілімдердің  қатарына 

жатады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет