ҚҰҚЫҚ негіздері


Құқықтың  реалистік  мектебі



Pdf көрінісі
бет32/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   389
Құқықтың  реалистік  мектебі.  Құқықтың  табиғатын  тануға  қатысты  бұл 

бағыт  Д.Франк  мен  К.Леввелин  теориялық  тұрғыда  негізделген  құқықтық 

мектептің  көрініс  болып  табылады.  Бұл  бағыт  өкілдері  құқықты  түсіну  үшін 

шынайы  өмірлік  жағдайды  тану  қажет  деп  пайымдады.  Д.  Франктің  ойы 

бойынша,  құқықты  соттың  арнайы  белгілі  істегі  шешімі  тұрғысында  ғана, 

тануға  болады  деп  санады.  Шынайы  құқықты  егер  нақты  жағдайда  нақты 

шешім  шықпайынша  тану  мүмкін  емес,  сондықтан  да,  қабылданған  шешім 

болашақтағы  жағдайларға  қатысты  жүріс-тұрыс  ережесін  тудырмайды.  Оның 

ойы  бойынша  құқық  жүріс-тұрыс  ережесі  емес,  тек  қана  шешім  болып 

табылады.  құқықтың  нормативтік  сипатын  терістей  отыра,  заңдар  мен 

нормативтік - құқықтық  актілер  құқықты  тудыруы  мүмкін  емес  деп  санады. 

Құқықтық  норманы  елес,  сағым  деп  деп  бағалай  отыра,  ол  құқықты  шынайы 

өмірге  бейімдеуге  тосқауыл  болады  деп  қарастырды.  Сот  шешімді  номарның 

негізінде  емес,  өзіндік  ішкі  сенімнің  негізінде  қабылдайтын  болғандықтан, 

нақты  өмірлік  жағдай  құқықты  айқындайды.  Бұл  теорияның  өкілдері  көбінесе, 

нақты  жағдайлар  құқықты  өмірге  əкеледі  деп  бағалай  отыра,  құқықтың 

нормативтік сипатын, оның заңдық күшін, заңдылық қағидасын мойындамады. 

Құқықты  түсіндірудің  бұл  бағыты  англосаксондық  құқықтық  жүйеге 

негізделген  американдық  құқықтық  жүйенің  жұмыс  істеу  табиғатынан 

туындаған теорияның бірі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет