ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет84/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   389
 

6.6 Іс жүргізу мерзімдері 

Іс  жүргізу  мерзімдері.  Іс  жүргізу  мерзімдері  бұл  талап  (талап  арыз,  арыз, 

шағым)  бойынша  азаматтық  істерді  қозғау,  қарау  мен  шешу  (шешім  шығару), 

оларды (апелляциялық, қадағалау жəне жаңадан  анықталған мəнжайлар бойынша) 

қайта қарау тəртібін ҚР азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген мерзімдер. 

Азаматтық істерді қарау мерзімдері. 

Сотқа  талап  арызы  түскен  күннен  бастап  судья 5 (бес)  күн  мерзімде  ол 

бойынша  сот  ісін  жүргізу  үшін  қабылдау  туралы  мəселені  шешуге  құқы  бар. 

Азаматтық  істерді сотта қарауға əзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, 

арыз қабылданған күннен бастап 7 (жеті) күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге 

тиіс.  Жалпы  азаматтық  іс  жүргізу  заңына  сəйкес  азаматтық  істер  істі  сот 

талқылауына əзірлеу аяқталған сəттен бастап 2 (екі) айға дейінгі мерзімде қаралып, 

шешіледі,  ал  жұмысын  қалпына  келтіру  туралы,  алимент  өндіріп  алу  туралы  жəне 

мемлекеттік  органдардың,  жергілікті  өзінөзі  басқару  органдарының,  лауазымды 

адамдардың, 

мемлекеттік 

қызметшілердің 

шешімдерін, 

əрекеттерін 

(əрекетсіздігін)  даулау  туралы  істер 1(бір)  айға  дейінгі  мерзімде  қаралып, 

шешіледі. 

Іс  жүргізу  мерзімдерін  есептеу.  Іс  жүргізу  əрекеттерін  жасауға  арналған 

мерзімдер  сөзсіз  болуға  тиіс  оқиға  көрсетіле  отырып,  дəлмедəл  күнтізбелік 

күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен 

белгіленеді.  Соңғы  жағдайда  өрекет  бүкіл  кезеңнің  ішінде  жасалуы  мүмкін. 

Кезеңмен  есептелетін  іс  жүргізу  мерзімінің  ағымы  оның  басталуы  белгіленген 

күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады (ҚР АІЖК-

нің 124-бабы). 

Іс  жүргізу  мерзімдерін  ұзарту.  Сот  тағайындаған  мерзімдерді  сот  ұзарта 

алады.  Заңмен  белгіленген  мерзімдерді,  егер  олар  сот  дəлелді  деп  таныған 

себептермен  өткізіліп  алынса,  сот  қалпына  келтіре  алады.  Өткізіліп  алынған 

мерзімді  қалпына  келтіру  туралы  өтініш  іс  жүргізу  əрекеттерін  жасауға  тиісті 

болатын  сотқа  беріледі.  Сот  бұл  өтінішті  мəселенің  қаралатын  орны  мен  уақыты 

хабарланатын  іске  қатысушы  адамдардың  қатысуымен  қарайды,  алайда,  олардың 

келмей  қалуы  соттың  алдына  қойылған  мəселені  шешу  үшін  кедергі  болып 

табылмайды  (ҚР  АІЖК-і 128-бабының 3-бөлігі).  Іс  жүргізу  мерзімдерін  ұзарту 

немесе ұзартудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарады. 




127 

 

Іс  жүргізу  мерзімдерін  қалпына  келтіру.  Мерзімді  қалпына  келтіру  туралы 



өтініш  берумен  қатар  ол  бойынша  мерзімі  өткізіліп  алынған  қажетті  іс  жүргізу 

əрекеттері  жасалуға  (құқық  қорғау  туралы  талап  қойылуға,  шағым  берілуге, 

құжаттар табыс етілуге жəне т.б.) тиіс (ҚР АІЖК-і 128-бабының 4-бөлігі). Іс жүргізу 

мерзімдерін  қалпына  келтіру  немесе  келтіруден  бас  тарту  туралы  сот  ұйғарым 

шығарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет