6.7 Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу
Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу істері азаматтар мен заңды тұлғалардың
мемлекеттік билік, жергілікті өзінөзі басқару органдарының, қоғамдың
бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды жəне мемлекеттік қызметкерлер-
дің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен əрекеттеріне
(əрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу
істердің талап қою бойынша іс жүргізу істерімен жалпы ұқсастыгы жəне бір-
бірінен айырмашылыгы бар.
Жалпы ұқсастығы:
- құқық туралы дау.
- АІЖКде белгіленген талап арызды (арызды) қабылдаудан бас тарту туралы,
талап арызды (арызды) қараусыз қайтару туралы немесе оны қозғаусыз қалдыру
туралы ережелер (ҚР АІЖКнің 153, 154, 155баптары).
Жалпы бір- бірінен айырмашылығы:
- талап қою істер бойынша дау азаматтық, отбасылық, еңбек құқықтық
қатынастарынан туындайды, субъектілер өзара тең құқылы, ал мемлекеттік,
əкімшілік жəне қаржы құқықтық қатынастарының қатысушылары (бір жағынан
азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан мемлекеттік қызметкер) үшін
билік жəне бағыну қатынастары төн. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдың
құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат
пен заңды тұлға бір жағынан жəне мемлекеттік орган (лауазымды адам)
екінші жағынан сот алдында тең құқылы.
Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою
бойынша іс жүргізу шағым немесе арызбен қозғалады.
Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу істері ҚР АІЖК-нің 3 бөлімшесінде
көрсетілген.
Олардың қатарына мынадай істер жатқызылады:
- Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің
сайлау құқықтарын қорғау туралыарыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК-нің 25
тарауы).
130
- Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық
сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, əрекеттеріне
(əрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің
251тарауы).
- Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уəкілетті органдар
(лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу (ҚР
АІЖК-нің 26 тарауы).
- Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық
бірлестіктердің,
ұйымдардың,
лауазымды
адамдар
мен
мемлекеттік
қызметшілердің шешімдері мен əрекеттеріне (немесе əрекетсіздігіне) дау айту
туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖКнің 27 тарауы).
- Нормативтік құқықтык актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс
бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК нің 28тарауы).
- Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен
іс- əрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі (ҚР АІЖК-нің 29 тарауы).
Достарыңызбен бөлісу: |