ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет93/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   389
Атқарушылық  іс  жүргізу.    Атқарушылық  іс  жүргізу  дегеніміз  бұл  соттың 

нормативтік  актілерін  жəне  басқа  органдардың  юрисдикциялық  актілерін 

мəжбүрлеп  орындату  мақсаты  болып  табылатын  азаматтық  іс  жүргізудің  бір 

сатысы. 


«Атқарушылық  іс  жүргізу  жəе  сот  орындаушыларының  мəртебесі  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  заңының  1бабына  сəйкес  атқарушылық  іс  жүргізудің 

мынадай міндеттері көзделген: 

азаматтық  жəне  шаруашылық  істер  жөніндегі  сот  шешімдерін, 

ұйғарымдары мен қаулыларын міндетті жəне уақытылы орындау; 

мүлікті  өндіріп  алу  бөлігінде  қылмыстық  істер  жөніндегі  үкімдер  мен 

қаулыларды міндетті жəне уақытылы орындау; 

осы  заңда  көзделген  жағдайларда  өзге  де  органдардын,  шешімдері  мен 

қаулыларын орындау. 

Атқарушылық  іс  жүргізу  органдары  мен  қатысушылары  оның  субъектілері 

болып танылады. 

Атқарушылық  іс  жүргізу  органдары  "Атқарушылық  іс  жүргізу  жəне  сот 

орындаушыларының мəртебесі туралы" ҚР  заңының 4 бабында аталған. Олардың 

қатарына: 




135 

 



ҚР Жоғарғы жəне жергілікті соттары; 

ҚР  Жоғарғы  Сот  жақындағы  сот  өкімшілік  комитеті  (сот  орындаушысы, 



сот приставы); 

ҚРсы əділет министрлігі жəне оның аумақтық органдары; 



Соттар мен басқа да органдардың ақшалай сомаларды өндіріп алу жөніндегі 

қаулыларын орындауды жүзеге асыратын салық органдары; 

Соттар мен басқа да органдардың ақшалай сомаларды өндіріп алу жөніндегі 



қаулыларын  орындауды  жүзеге  асыратын  екінші  деңгейдегі  банктер  жəне 

банктік емес қаржылық мекемелер (мысалы, ломбард); 

Сот  орындаушысының  талабы  бойынша  орындауды  жүзеге  асыратын 



өзге де органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жатқызылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет