Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тəртібімен қатар заңды
күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын жəне қаулыларын қайта қараудың
133
екінші нысаны болып табылатын жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша
істерді қайта қарау ерекше тəртібін көздейді. Осы екі нысанның өзара
айырмашылығын процессуалистер ең бастысы істерді қайта қараудың негіздері
мен əдістері бойынша жүргізеді.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын жəне қаулыларын жаңадан анықталған
мəн-жайлар бойынша қайта қарау азаматтық процестің дербес сатысы.
ҚР АІЖК-сі бойынша заңды күшіне енген шешіыдерді, ұйғарымдар мен
қаулыларды жаңадан анықталған мəн-жайлар бойынша қайта қарау негіздері болып
мыналар табылады:
1) арыз берушіге белгілі болмаған жəне белгілі бола алмаған іс үшін елеулі
мəнжайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім
шығаруға əкеп соңқан, куəнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу
жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай
дəлелдемелердің жалғандығы;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске
қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты əрекеттері
немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты əрекеттері;
4) белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған
сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін
жою;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін
шығаруы кезінде қолданған заңын немесе өзге нормативтікқұқықтық актісін
конституциялық емес деп тануы (ҚР АІЖК-тің 404-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: