Құқық негіздерінің қайнар көздері


Айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардап жасауын шектеу. 3



бет67/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

2. Айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардап жасауын шектеу.
3. Табиғат қорғау заңдарын бұзған жағдайда айналадағы табиғи ортаға, азаматтарға келтірілген зиянды толық өтеу.
4. Табиғи ресурстарды үнемдеу.
5. Айналадағы табиғи ортаны қоғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау.
Табиғи ресурстар-азық түлік, дәрі дәрмек,киім, құрылыс материалдары, тағы басқа пайдалы заттар алынатын байлық көздері.Табиғи ресурстар:қалыпына келетін, жаңартылатын, сарқылатын қалпына келмейтін жаңартылмайтын, сарқылмайтын болып бөлінеді. Мысалы, топрақтың құнарлығы, орман қалпына келтіргенге, жаңартылғанға, кең қалпына келмейтінге, су сарқылатынға жатады. Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы 500 жуық ядролық қаруды сынау жүргізіліп адамның денсаулығына, айналадағы табиғи ортаға орасан зор зиян келді, халық арасында ауру сырқау өлім көбейді. Шығыс Қазақстан Семей аумағымен Павлодар және Қарағкнды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп жарияланды. Арал проблемасы да планетаның орасан зор экологиялық апатты ретінде сипат алып отыр.
1949-1963 жыл аралығында 25 рет жер ұстінде, 19 рет ауада өткізілді. 1963-1989 жыл ақпанына дейін 343 рет жер асты ядролық сынағы өткізілді. Соның салдарынан атом сынағы болған аймақта адамның қанында қызыл түйіршіктер азайып, олардың бойындағы хромосомдық өзгерістер төрт-бес есеге арттқан. 1969 жылы кейін облыста аққан ауруымен науқастанып қайтыс болғандар саны үщ есеге көбейген. Дүниеге келген нәрестелердің ақыл ойы, дене мүшесі кемтар болып туылуының салдары да осы.Мұндай полигон Батыс Қазақстан облыс орда және Жаңа қала аудандардан 1 млн. 555мың 642 га жерін алған. Онда екі полигон ораналастырып төрт рет ядролық жарылыс жасалған. Атырау облысы Азғыр және Тайсойған өңіріндеде осындай полигондар жұмыс істейді. 1991жылы 29 тамызда Семей ядролық сынқ полигонын жабу туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты.
Экология заңдарын бұзу белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы келтіретін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Экологиялық тәртіп адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына азамат құқығын қамтамасыз ету. Табиғи ортаға зиян келтіру табиғат объектісіне оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды. Экологиялық салдарға табиғи ортаның таза болмауы бұзылуы адам қызметіне және денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болмауы жатады. Экономикалық салдарға табиғи қорлардың сарқылуы бұзылуы табиғаттан алынатын табыстың азаюы немесе болмауы табиғатты қалпына келтіру шығындары жатады. Экологиялық тәртіпті бұзудың төрт белгісі бар.
1.Тәртіпті бұзушының кінәсі заңға қарсы бағыт.
2.Заңды бұзудан келген зиянның себепті байланысы.
3.Табиғи ортаға, адамның денсаулығы, өміріне келген зиян.
І. Тәртіпті бұзушының кінәсі қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.
ІІ. Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады. Мұндай заң бұзушылықты екі топқа бөлуге болады.
1/ табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде алып – сатуға сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетінен айырбастауға және осы сияқты табиғи ресурстарға мемлекет меншігі құқығын жасырын немесе тікелей түрде бұзатын әрекеттер жатады.
2/ топқа табиғи ресурстар бойынша алғанда табиғи қорықтар, табиғат ескеркіштері, атмосфералық ауа және өзге де табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзге де әрекет немесе әрекетсіздік жатады.
3/ экологиялық қылмыс.
ҚР айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң мен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне қол сұғатын және адам өмірімен денсаулығына, табиғи ортаға зиян келтіретін немесе зиян келтіруге нақты қатер төндіретін қоғамдық іс – әрекет. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңда қылмысты жауаптылықтың 23 түрі көрсетілген. Олардың ішінде:
а/ айналадағы табиғи ортаның шамадан тыс ластануы.
б/ радиоактивті және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптарының бұзылуы.
в/ су кәсіпшілігімен заңсыз айналысу.
г/ заңсыз аң аулау.
д/ жануарларға қатыгездік жасау.
е/ жер қойнауын өз бетінше қазу.
ж/ орман алқаптарын қасақана жойып, оларға зақым келтіру.
з/ ағаштардың заңсыз кесілуі.
и/ орман алқаптарын өртеу жолымен қасақана жою.
Экологиялық әкімшілік жауаптылық экология құқығына қарсы қасақана немесе абайсызда жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Табиғат заңын бұзғаны үшін экологиялық әкімшілік жауаптылықтың негізгі екі шарты бар:
1.Ондай заңдылықтарды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілуі тиіс.
2.Әкімшілік құқығының бұзушылық экологиялық қылмыс белгілеріне жатпау керек. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңның 71 бабы 13 түрлі әкімшілік жауаптылық көрсетілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі мемлекеттік меншікке қиянат жасайтын әкімшілік құқық бұзушылық деген тарауын қарастырыңыздар. Экологиялық әкімшілік жауаптылық туралы істерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сай экология және биоресурстар министрлігінің органдары мен лауазымды адамдары қарайды. Экологиялық тәртіпсіздік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Тәртіптілік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ ол жұмысшылар мен қызметшілер үшін ҚР «Еңбек туралы» заңдарында ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген. Ол көбінесе мекеме, ұйымның лауазымды адамдары мен өзге қызметкерлерімен айнала табиғи ортаны қорғау туралы жоспары мен шараларын орындамау салдарынан туындайды. Экологиялық материалдық жауаптылық экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жаслатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік салдарынан меншік иесіне, иемденуші мен пайдаланушыға келтірілген зиянды өтеу. Келтірілген зиянды өтеу тәртібі заңға сәйкес зиян келтірушінің өз еркімен немесе соттың шешімімен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет