Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:
1. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.
2. Алымдар. Заңды түлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялык және телевизия мен радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымдар.
3. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемакылар.
4. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.
Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.
Салықтардың қалыптасқан турдегі үш функциясы бар:
1. Фискалдык - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |