Құқық негіздерінің қайнар көздері


Меншік құқығы.Мұрагерлік құқығы



бет35/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Меншік құқығы.Мұрагерлік құқығы
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдык қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188-ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т. б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мыс: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінін өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекетгерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мыс: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т. б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға)-мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер АК-тің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңгай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік Азаматтық Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі (1038-бап),
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ АК-те белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады (1039-бап).
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелердсн туындайтын кұқықтар мен міндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құкықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес
құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да матсриалдық емес игіліктерді мұрагсрлердің жүзеге асыруы және қорғауы мұмкін (1040-бап). Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу не Азаматтық Кодекстің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бүл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мұмкін болмаған кезде-үлестің құнына қатысты ашылады. Ортақ бірлескен меншікке қатысушы ол қайтыс болғанға дейін ортақ мүліктегі өз үлесіне өсиет қалдыруга құқылы (1041-бап).
Мұра азаматтың кайтыс болуы нсмесс оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болды деп жариялаган кезде, егер шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады. Егер бірінен ксйін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады (1042-бап).
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса-мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады (1043-бап). Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылганнан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін (1044-бап).
Мұра қалдырушы немесе мүмкін болатын мұрагелердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді (1045-бап).
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немссе оның бір болігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір немесе бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады (1046-бап).
Өсиет қалдырушы мұрагер мінез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкімге енгізілген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгізілген мұрагердің денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективті себептерге байланысты мұрагер үшін орындалмайтын талаптар мұрагердің талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. (1047-бап). Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет