Бүгінгі дәріс тақырыбының мақсаты – көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігін ұғыну, олардың түрлерін айқындау және жекелеген қылмыс құрамдарын саралай алу
МІНДЕТТЕРІ
1. Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі мен түрлері
2. Қозғалыс және көлікті пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзумен тікелей байланысты ҚҚБ жекелеген құрамдарын саралаудың ерекшеліктері
3. Қозғалыс және көлікті пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзумен тікелей байланысты емес ҚҚБ-тардың жекелеген құрамдарын саралаудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Конституциясы 6-бабының 2-т. «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.» деп бекітеді.
Көліктегі ҚҚБ-тарбұл қасақана немесе абайсызда жасалатын, қоғамдық қауіпсіздіктің бір түрі ретіндегі қозғалыс пен көлікті пайдаланудың қауіпсіздігіне қол сұғумен көрініс табатын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) Топтық объектісіне қатысты