1.3.Халықаралық бұқаралық құқықтың анықтамасы және пәні ретінде. Халықаралық бұхаралық құқық пен халықаралық көпшілік құқықтың тығыз байланыста екендігі сөзсіз. Мәселен бірқатар халықаралық құжаттар халықаралық жеке құқытың да халықаралық көпшілік құқықтың да негізі болып табылады.
Жоғарыда айтылып кеткендерді ескере отрып халықаралық жеке құқыққа мынандай анықтама беруге болады.
Халықаралық бұхаралық құқық дегеніміз - шет ел элементі бар нормалары азаматтық-құқықтық, жанұялық, еңбек қатнастарын реттейтін, құрамына коллизиялық, халықаралық бұхаралық құқық шарттардың негізінде унификацияланған нормалар, шет ел заңды және жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы нормалар кіретін құқық саласы болып табылады.
Халықаралық құқық пәні ретінде жоғарғы заңтану мамандығының студенттерінің меңгеруіне арнайы дайындалған ғылымның және негізгі білімнің жүеленген жиынтығын білдіреді.
Қазақстанда халықаралық бұхаралық құқық курсы 20 ғасырдың 40-шы жылдарында оқытыла бастады. (Алматы заңтану институтында).
Халықаралық бұхаралық құқық пәні ретінде халықаралық жеке құқық ғылымының призмасы сияқты оқытлады, көптеген мәселелері жеке пән ретінде оқытылады. Мысалы: "Жалықаралық бизнес, т.б. ХЖҚ оқу пәні ретінде ТМД елінде, Европа елдерінде, т.б., соның ішінде Қазақстанда оқытылады.
Халықаралық бұхаралық құқық әртүрлі халықаралық қатынастардың негізінде пайда болған азаматтық құқықтық қатынастардың, еңбек, отбасы құқықтық қатынастардың ерекше түрлері жөніндегі мәселелерді қарастырады.Халықаралық бұхаралық құқықты оқи отырып, студент шетелдік заңды және жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігін, әр түрлі қабілеттіліктердің қатынастардағы орнын, мүлкіне шетелдік меншік құқығы және қазақстанның шетелдің мүлкіне меншік құқығын, ішкі сауда мәмлесін жасау, Қазақстандықтардың шетелдегі өнертабысын қорғауын, шетелде қайтыс болғаннң мүлкіне мұрагерлік, шетелмен некеге тұрудың, Қазақстандық азаматтардың шетелдегі еңбек ерекшеліктерінің қорғалуын және оның шегінен тыс валюталық қатынастардың мазмұның ұғылуы керек.