І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»


-1922ж. және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз



Pdf көрінісі
бет8/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
Байланысты:
Билеттер.І Нұсқа 30 билет-2 11 сынып

2.1921-1922ж. және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз. 
1921-1922 жылдардағы аштықтың зардаптары: Қазақстандағы жеті губернияның бесеуі аштыққа ұшырады. 1921ж. 
жазда БОАК-тың Декретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған аудандарға 
жатқызылды. Аштыққа індет қосылды. Кейбір жерлерде жұттан малдың 80% қырылуына әкелді. Аштықтың солтүстік-
батыс аудандарға таралуына табиғи апат қана емес, орталықтан жасақталған азық-түлік отрядтарының ауыл 
шаруашылық өнімдерін күшпен тартып алулары себеп болды. Ақмола, Семей губернияларынан 4 млн пұттан астам 
астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Жинап алынған ет, астық, май өнімдері алдымен – Мәскеу, Петроград, 
Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Соның салдарынан аштықтан аман аудандардың халқы ашыға бастады. 1922 
жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың жалпы саны 82%-ына дейін 
жетті. Республика халқының 1/3 бөлігін аштық жайлады, ашыққандар 1921 жылдың қарашасында 1 млн. 508 мың болса, 
1922 жылдың наурыз айында 2 млн. 303200 адам болды. Аштықтан тұтас ауылдар қырылып, халықтың саны азайды, 700 
мыңнан астам адам Қазақстаннан тысқары аймақтарға көшіп кетті. Осы кезеңде 1 млн-ға жуық адам аштықтан, суықтан, 
аурудан қаза тапты.
1930-1932 жылдардағы аштықтың зардаптары: 
1) Республикамызда 1929 ж. -40,5 млн. мал болса, 1933 ж. -4,5 млн. мал қалды. 
2) 1 млн-ға жуық адам - басқа жаққа көшіп, босып кетті, 600 мыңы оралған жоқ, бұл жағдайды тарихта «қызылтабан 
шұбырынды» деп бағалайды. 
3) Демограф М.Тәтімовтің дерегі бойынша халық саны 1931 жылы 5 450 мың қазақ болған, оның 2,3 млн. қырылды 
десе, тарихшы Т.Омарбековтің айтуынша 1931 жылы 4 836 мың қазақ болса, оның 2,230 мыңы аштық құрбаны болды 
деген деректер береді. Жалпы, соңғы кезде демографтардың табиғи өсімді ескере отырып есептеуі бойынша 1930 жылы 
қазақтардың саны 3845,4 мың адам. Аштық құрбаны болған адамдардың саны- 1 млн 798,4 мың адам.Сол кездегі қазақ 
халқының 46,8% -ын құрайды. Ал халық шаруашылығы есептеу басқармасының (ХШЕБ) келтіруі бойынша 1930 жылы 
Қазақстан тұрғындарының саны 5873 мың болған, 1934 жылы 2681,9 мың адамды құрады. Қазақтар өздерінің тарихи 
отанында ұзақ жылдар азшылық жағдайына түсті, сандық мөлшері жағынан 1926 жылғы деңгейін тек 1966 жылы ғана, 
40 жылдан соң қалпына келтіре алды. Бұл жағдай қазақ халқы үшін «ұлы жұт»  деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет