бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын
жергілікті ұлт өкілдері.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды.
Елде болыстық
басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез,
жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне
шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды,
алым салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза
әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың
ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп,
ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін
киіз үй мен бұйымдар жиналды.
Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж
салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясына тасуға
мәжбүр болды.
1929-1931 ж.ж Шаруалар көтерілісінің себебі неде?
Достарыңызбен бөлісу: