Себебі: Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде
жоюға қарсылық.
Сипаты: Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді.
Қозғаушы күші: Шаруалар бұқарасы
Қарсылық түрі: ● қалалар мен құрылыстарға кету;
● басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;
● ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
● өзін - өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;
● ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды;
4. Орталықтары:
● Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін –
Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарын қамтыған күшті толқулар өтті.
● Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті тарапынан “бандиттік – басмашы
қозғалысының көрінісі” деп бағаланды.
● Қарақұм ауданына Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көтерілісшілер ағылып жатты. Бұл көтерілісті
Орынбордағы 8 - дивизия басып тастады.
● Созақ ауданындағы көтеріліс табанды әрі шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер аудан
орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.
Нәтижесі ● Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды.
● Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын
жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады.
● Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан,
Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды.
● Алматы округінің көптеген аудандарының бүлік шығарған ауылдары Қытай жеріне ауып кетті.
● 1931 жылы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс
жасаған шаруалар түгелге дерлік қырып тасталды. Ұқсастығы: стихиялы бой көрсетулерден көрініс беруі, Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып
жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады.