Жауабы:
1. VI-XII ғғ. Қазақстан аумағындағы тайпалардың рухани мәдениеті: (тілі, діні, жазуы)
Көне түркілердің VIІ-VIIІ ғасырларға
жататын ежелгі жазбалары Орхон, Енисей және Селеңгі өзендері
бойларынан табылып зерттелген. Бұл жәдігерлер тарихта «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» деп аталады.
Жалпы
көне түркі тілінде 200-ден аса жәдігерлер табылған. Жазба деректердің мән-мағынасы ертедегі түріктердің өмірі туралы
мағлұмат береді. Олардың тілі күнделікті тұрмыста қолданылатын ауызекі сөздерден тұрады. Бұл жазу өнері пайда
болғанға дейін ауызша әдеби тілдің дамығандығын көрсетеді. Жазу өнерінің дамуына
байланысты VIII ғасырда
түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келді. Түрік өркениетінің көне ескерткіштері –«Күлтегін» және «Тоныкөк»
жазулары. Ежелгі түркілер негізінен Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер-Суб) сиынған. Бұл қос күштің аса құдіреттісі
болып Көк саналды. Сонымен қатар аса киелі Ұмай ана тәңірісі отбасы мен бала-шағаның қорғаушысы саналды.
Түріктер Көк бөріні құдірет тұтқан.
Деректерге қарағанда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында (Жетісу) қалаларға жүргізілген зерттеу
жұмыстарына қарағанда әртүрлі діни нанымдардың болғандығы байқалады. Сырдария аймағында
қойға табыну салты
өріс алғандығы аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: