І нұсқа 1-билет Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. 1867-1868жж. «Уақытша ереже»



Pdf көрінісі
бет62/65
Дата21.10.2022
өлшемі1,04 Mb.
#44770
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
 
2. 
Патшалық Ресей және Кеңес империяларының Қазақстандағы отарлау саясатының 
зардаптары. 
Патша үкіметі әскерлерінің Ұлы жүздің аумағына жүргізген соғыс қимылдары Қазақстанның Ресей империясына толық 
қосылып бітумен аяқталды. Ресейдің империясына толық қосылып қазақтар Орта Азия хандықтарының езгісінен азат 
етілді. Сонымен қатар патша үкіметінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағына экспанция басталды.Патша үкіметі 
Қазақстанға жаңадан қосымша әскери күштер жіберуге мәжбүр болды. Алым-салықтар мөлшері арттырылды, еріксіз 
жұмыстың алуан түрлері енгізілді.Патша үкіметі соғыс қимылдары салдарынан көптеген қалалар қирады, әлемдік 
деңгейдегі мәдени ескерткіштерге айтарлықтай зақым келтірді.Қазақтардың дәстүрлі сотына өзгерістер енгізді. 
Тілімізден , дінімізден айырды. 
3. 
Сақ тайпалары: аргиппей, исседон, аримаспылардың алып жатқан аумақтарын картаға 
белгілеңіз. 
Жауабы: 
Солтүстік Қазақстан-аргиппейлер, Орталық Қазақстан-исседондар, Павлодар мен Шығыс Қазақстанда-аримаспылар. 
 
 
29-билет 
1. 
VI-XII ғғ. Қазақстан аумағындағы тайпалардың рухани мәдениеті: (тілі, діні, жазуы) 
2. 
Қазақстандағы ЖЭС: оның жетістіктері және мерзімінен бұрын аяқталуының себептері мен салдары. 
3. 
Дешті Қыпшақтың аумағын картаға белгілеңіз. 


Жауабы: 
1. VI-XII ғғ. Қазақстан аумағындағы тайпалардың рухани мәдениеті: (тілі, діні, жазуы) 
Көне түркілердің VIІ-VIIІ ғасырларға жататын ежелгі жазбалары Орхон, Енисей және Селеңгі өзендері 
бойларынан табылып зерттелген. Бұл жәдігерлер тарихта «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» деп аталады. Жалпы 
көне түркі тілінде 200-ден аса жәдігерлер табылған. Жазба деректердің мән-мағынасы ертедегі түріктердің өмірі туралы 
мағлұмат береді. Олардың тілі күнделікті тұрмыста қолданылатын ауызекі сөздерден тұрады. Бұл жазу өнері пайда 
болғанға дейін ауызша әдеби тілдің дамығандығын көрсетеді. Жазу өнерінің дамуына байланысты VIII ғасырда 
түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келді. Түрік өркениетінің көне ескерткіштері –«Күлтегін» және «Тоныкөк» 
жазулары. Ежелгі түркілер негізінен Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер-Суб) сиынған. Бұл қос күштің аса құдіреттісі 
болып Көк саналды. Сонымен қатар аса киелі Ұмай ана тәңірісі отбасы мен бала-шағаның қорғаушысы саналды. 
Түріктер Көк бөріні құдірет тұтқан. 
Деректерге қарағанда Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында (Жетісу) қалаларға жүргізілген зерттеу 
жұмыстарына қарағанда әртүрлі діни нанымдардың болғандығы байқалады. Сырдария аймағында қойға табыну салты 
өріс алғандығы аңғарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет