тура және жанама мінездеулерді жіктеу
8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп,
креативті жазу
I тапсырма. «Еңлік-Кебек» дастанындағы кейіпкерлер бойынша тура және жанама мінездеуге мысал келтіріңіз.
Тура мінездеу
Жанама мінездеу
ЕҢЛІК
II тапсырма. Шығармадан келтірілген үзінді шумақтарын берілген мазмұнымен сәйкестендіру. Матай алса, Тобықты тек жата ма,
Азбын деп жанын аяп ар сата ма?
Ауыл шауып, мал алып, қан төгілер,
Ойла! Қалып жүрмелік теріс батаға!
А. Еңлік соңғы сөзінде үш тілек айтады. Алғашқысы – Кебекпен ақырғы рет тілдесіп қалу, екіншісі – сүйген адамымен бірге жерлену, соңғысы – артында қалған баласын өлтірмей, Кеңгірбай биге тапсыруды аманат етеді.
2. Кебекпен мені азғана араздастыр,
Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.
Мына бала – Тобықты баласы ғой,
Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр.
Ә. Он бес жасар Кебектің сыртқы болмысын ашып көрсеткен. Орта бойлы жігіттің кең иықты екендігін, қара торы, тепсе темір үзетін мықтылығын бейнелеген.
3. Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.
Б. Екі ел арасында ескіліктің салдарынан алауыздық туындау мүмкіндігі туралы айтылған. Матай мен Тобықтының бір-бірімен араз болып, екі жасқа теріс батасын беру қаупі жөнінде жазылған.
III тапсырма. Төмендегі үзіндіні өңдеп, қазіргі жастарға «Қой, жастар, күн болды ойланарлық» тақырыбында ой салатын монолог жазыңыз.
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!
Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық, Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
Үлкендерде мінез жоқ таңданарлық, Олардың қылған ісі – ұрлық-қарлық.
Арам ойды ақыл деп ардан күсіп, Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________