22. Қуаты 6 кВт көтергіш кранның қозғалтқышы массасы 6 т жүкті 8м биіктікке көтереді. Жүктің көтерілу уақытын анықтаңдар, п.ә.к.-і 80% А) 80с В)90с С)100с Д) 105с Е)110с
23. Массасы 180кг жүкті ұзындығы 5м, ал биіктігі 1,5 м көлбеу жазықтықпен көтереді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең болса, п.ә.к.-і қаншаға тең? А)40% В) 50% С)36% Д)45% Е)55%
24. Егер сорғының электроқозғалтқышының қуаты 4,9 кВт, ал п.ә.к.-і 70% болса, онда тереңдігі 36 м құдықтан 1 сағ ішінде қанша суды көтеріп шығаруға болады? А) 35т В)34,3т С) 33т Д) 32т Е)31т
25. Адам шамамен 600Н тарту күшін өндіре алады. Ол биіктігі 1 м және ұзындығы 4 м көлбеу жазықтықпен қандай жүкті жоғары қарай домалата алады? (үйкеліс ескерілмейді) А) 240кг В) 230 кг С) 220 кг Д) 210 кг Е) 200 кг