17. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Көрікті. B) Майбасар. C) Ашуланшақ. D) Жуынды E) Ешқашан.
18. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
A) Ол қалаға күн көтерілген соң, жиналыс аяқтала бергенде жетті.
B) Қыс мезгілі болғандықтан, соғымға шақыру жиі болып жатыр.
C) Зейнеткерлікке шыққанмен, ол кісі үйде отырмайды.
D) Ертең апам келмейді-ау, хабарласпады.
E) Жарысқа түсіп жүр, біраз ысылып қалғанға ұқсайды.
19.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді ажыратыңыз.
A) Көз көрмей, көңіл сенбес.
B) Базаралы ауылға келгелі, біраз уақыт өтті.
C) Тоғжан атасының үйіне келсе де, тыным таба алмады.
D) Түн жақындағандықтан, жүрісін тездетті.
E) Оқығандарым есте қалу үшін, қайталап жатырмын.
20. Күрделі сөзді көрсет.
А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.
Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.
21. Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз.
A) Нұра, Нарынқол. B) Емтихан, тәрбие. C) Жарлық, Зайсан. D) Жасақ, аймақ.
E) Ұлыс, нөкер.
22. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап.
А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай.
23. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Ажал ақымақ үшін – алтау, ақылды үшін – біреу.
A) Пысықтауыш. B) Бастауыш. C) Толықтауыш. D) Анықтауыш. E) Баяндауыш.
24. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
A) Төл сөз. B) Қаратпа сөз. C) Төлеу сөз.D) Қыстырма сөз. E) Одағай сөз.
25. Қабысуды анықтаңыз.
A) Асқар тау алыстан көрінді
B) Сен неге ойнамайсың
C) Алақай, әжем келді
D) Ол шығып кетті
E) Күн шайдай ашылды
ІІ нұсқа
1.В 2.А 3.Д 4.А 5.Д 6.А 7.Д 8.А 9.В 10.Е
Достарыңызбен бөлісу: |