10. Күрделі сан есімді тіркесті көрсетіңіз. A) Сегіз жүз он оқушы. B) Мыңыншы бетте. C) Неше рет қайталады.
D) Үш үйрек. E) Миллионыншы тұрғын
11. Сан есімге қай септіктің жалғауы қажет екенін көрсетіңіз. Семинарға 100... тарта адам қатысты. A) Барыс. B) Шығыс. C) Атау. D) Ілік E) Жатыс
12. Күрделі баяндауыш қызметіндегі сан есімді белгілеңіз. A) Аман-есен жиырма үй Бекболаттың аулына көшіп барды.
B) Ішінде кимешекті бір әйел бар сияқты.
C) Тарихтан алған бағам – төрттік.
D) Күш сынасатын сайыскерлердің саны екі жүз елу еді.
E) Осы жолы екеуінен күдер үзді.
13. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Жиырма оқушы жарысқа кетті. A) Баяндауыш. B) Толықтауыш. C) Анықтауыш. D) Бастауыш. E) Пысықтауыш.
14. Сан есімнің емлесіне байланысты қатені табыңыз. A) Марат Х-сыныпта оқиды. B) 5-сыныптың оқушысы.
C) 1999 жыл. D) 5-ке қос. E) 20-дан екеуі кетті.
15. Жинақтық сан есімді анықтаңыз. A) Қырықтың бірі – қыдыр. B) Жеті өлшеп, бір кес. C) Сегіз қырлы, бір сырлы.
D) Жасым жүзге жеткенше жаным тәтті. E) Соңғы екеуіне ескерту жасалды
16. Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз. A) Ескіге жаңа өлшеуіш. B) Жақсылық қасындағы үшеуге кезек-кезек қарады. C) Білгенге жол бос. D) Бейсен Жомартпен кейін қайтты. E) Әсетке әлденелерді айтып жатыр. 17. Мінезді жігіт тіркесіндегі сын есім қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз. A) Есімдік. B) Үстеу. C) Етістік. D) Зат есім. E) Сын есім. 18. Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз. A) Ержан балаға көз тоқтатып қарады. B) Колхоз азық-түлік жіберіпті. C) Жаман сыйлағанды білмес. D) Хабиболланы ел сыйлайды. E) Қарашығым, келдің бе? 19. Толықтауыштық қатынасты табыңыз. A) Нанды құрметтеу.
B) Қолды болу.
C) Өтірік куәлік.
D) Лас жер.
E) Тату тұру.