1.«Ашық» сөзінің антонимдік сыңары.
A) Аласа.
B) Жабық.
C) Биік.
D) Сұлу.
E) Жаңа.
|
2.Мақалдың тақырыбы.
Күш – білімде, білім –кітапта.
A) Білім.
B) Еңбек.
C) Мамандық.
D) Туған жер.
E) Отан.
|
3.«Әлді» сөзінің синонимі.
A) Қонақ, көмек.
B) Мықты, күшті.
C) Рең, шырай.
D) Жұмыс, ғимарат.
E) Реніш, жәрдем.
|
4.Сын есім жасайтын жұрнақтар.
A) –дан, –ден.
B) –ла, –ле.
C) –мен, –бен.
D) –лық, –лік.
E) –дар, –дер.
|
5.Дара жалқы есімдер қатары.
A) Үлбі, Нарым.
B) Жезқазған, Талдықорған.
C) Талдықорған, облыс.
D) Тянь-Шань, қойма.
E) Жетісу, тау.
|
6.Заттың ретін білдіретін сан есім.
A) Жинақтық.
B) Есептік.
C) Топтау.
D) Реттік.
E) Бөлшектік.
|
7.Бастауыш пен баяндауыш зат есімнен тұрған сөйлем.
A) Шет тілін оқу – болашағың.
B) Кешігіп келгендер – әжемнің таныстары.
C) Тіл – қоғамдық құбылыс.
D) Мен – жүрген бір пендемін.
E) Бар ойы – өлең айтып, ән салу.
|
8.Бастауышы сілтеу есімдігінен, баяндауышы атау тұлғадағы зат есім.
A) Мен – мектеп оқушысымын.
B) Кейбіреулері осында қалды.
C) Үйге ешкім келген жоқ.
D) Сонау – біздің мекеме.
E) Біз – институттың түлектеріміз.
|
9.«Үндемеу» сөзінің баламасы.
A) Судан таза.
B) Тілге жүйрік.
C) Төбесіне көтеру.
D) Сөз таластыру.
E) Тілге келмеу.
|
10."О" дыбысына тән қатар.
A) Жіңішке, қысаң, езулік.
B) Қысаң, ашық, езулік.
C) Ашық, жіңішке, езулік.
D) Жуан, езулік, жіңішке.
E) Ашық, жуан, еріндік.
|
11.Екі сөзден бірігіп жасалған күрделі сөз.
A) Сүңгуір.
B) Қасірет.
C) Екібастұз.
D) Ұлтуған.
E) Құдірет.
|
12.Сөйлемдегі жалқы есімдегі септік және тұлғасына қарай түрі.
Отырар – қазақ елінің көне бекінісі.
A) Атау септікте, негізгі.
B) Табыс септікте, күрделі.
C) Атау септікте, күрделі.
D) Ілік септікте, дара.
E) Ілік септікте, күрделі.
|
13.Бастауышы тұйық етістіктен, баяндауышы атау тұлғадағы зат есімнен тұрған сөйлем.
A) Біреу айтқанды ұғып ал.
B) Ашу – ақылдың дұшпаны.
C) Еліміздің мемлекеттік тілін дамыту – баршамызға ортақ міндет.
D) Елу екіге бөлінеді.
E) Су ішкен құдығыңа түкірме.
|
14.Қарсы мәндес мақал.
A) Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.
B) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
C) Еңбек – адамның көркі.
D) Адам бір-біріне қонақ.
E) Талабы жоқ жас – қанаты жоқ құс.
|
15.Сөйлемдердегі салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есім.
A) Бораш кеудесі шалқақтау біткен, бұлшық еттері күнге күйген адам екен.
B) Жауырынды, өте ширақ бала екен.
C) Мөлдір қара көздері жарқырап тұр.
D) Ауыз, мұрны үлкен, сымбатты көрінеді.
E) Оның көздері жаңа туған бұзаудың көзіне ұқсайды.
|
15. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын көрсетіңіз.
A) Қайткенде? Қайтпей?
B) Қайтсе де? Қайткенмен?
C) Қашаннан бері? Қашан?
D) Қайтсе? Не еткенде?
E) Не етпек болып? Қалай?
|
16. Берілген сөйлемде жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.
Халық: Уақыт – алтыннан да қымбат, бағалай білейік,- деді.
A) Сызықша.
B) Үтір.
C) Қос нүкте
D) Нүкте.
E) Тырнақша.
|
17. Тұрақты сөз тіркесіне қойылатын сұрақты белгілеңіз.
Өнер театрына он саусағынан бал тамған талапкерлер барады.
A) Қайтіп?
B) Қалайша?
C) Қалай?
D) Қандай?
E) Қашан?
|
18. Сөйлемдерден антонимдерді табыңыз.
A) Биік асу мен терең жырлардың бәрі халықтың аңызына өзек болды.
B) Олар ақбөкен жайлаған шет-шегі жоқ байтақ далада көшіп-қонып жүрген.
C) Жас ұрпақты терең жырлардың бірі қуантады, ал бірі ренжітеді.
D) Қазақ жерінде көшпелі жұрт ежелден бері құдық суын ішті.
E) Қыраттар мен таулардың да атаулары бар.
|
19. Тәуелденіп септелген өздік есімдігін белгілеңіз.
A) Біздер каникулға шықтық.
B) Бейбіт анасының сөзін зейінмен тыңдады.
C) Онсыз өмір жоқ.
D) Ешкімнің ойыншығы емес.
E) Өзімнің кітабым столда жатыр.
|
20. Демеулік шылау кездесетін лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Шіркін, ауылға барғанда суға түссек!
B) Бәрекелді, дұрыс болған!
C) Қандай тамаша, әдемі жер!
D) Айтқанды тыңдамағаны-ай!
E) Қап, бекер келген екенмін!
|