KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
17
СІЛТЕУ ЕСІМДІКТІ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
İŞARET ZAMİRLİ İSİM KELİMESİ
DEMONSTRATİVE NOUN WORD
Doç. Dr. A. Banu OMAROVA
*
(Омарова Бану Аманбайқызы)
Резюме
В данной статье автор рассказывает об указательных местоимениях,
которые образуют именные словосочетания в казахском языке. Также здесь
рассматриваются их грамматические и семантические особенности.
Ключевые слова и словосочетания: указательные местоимения ,
синтаксическая функция,определительные отношения, сложные словосоче-
тания, аттрибутивные слова.
Özet
İşbu yazıda Kazak dilinde isim tabirlerini oluşturan işaret zamirleri üzerinde
durulmaktadır. Ayrıca, bu yazıda onların gramatik ve semantik özellikleri de ince-
lenmiştir.
Anahtar Kelimeler : zamir, sözdizimsel işlev, niteleme ilişkileri, karmaşık
ifadeler, attributivtі sözler.
Resume
In this article an author tells about indicatory pronouns that form nominal
word-combinations in Kazakh. Their grammatical and semantic features are here
examined also.
Key Words: indicatory pronouns, syntactic function, attributive relations,
difficult word-combinations, attributivewords.
*
El-Farabi Kazak Milli Üniversitesi Devlet Dili Bölümünün Doçenti. Almatı/KAZAKİSTAN
*
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімемлекеттік тіл кафедрасының доценті,
Алматы қаласы, Қазақстан
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
18
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисі – аса маңызды жəне күрделі
салалардың бірі. Бұл салада ерен еңбек етіп, терең зерттеулер жүргізген
ғалымдарымыз да баршылық. Əсіресе проф. Т.Сайрамбаевтың еңбектерін
ерекше атап өткен жөн. Оның «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері»
атты еңбегі осы саладағы ауқымды еңбектердің бірі боп саналады. Жалпы сөз
тіркестерінің негізі – сөз таптары десек, басқа да сөз таптарымен қоса
есімдіктер де бұл салада белсенді қызмет атқарады. Яғни, олардың
тіркесімділік қабілеті басқа сөз таптарымен салыстырғанда еш кем емес.
Алайда сілтеу есімдіктерінің бұл қасиеті зерттеу еңбектерінде толығымен
көрініс тауып жүр деп айта алмасақ керек. Ал енді сілтеу есімдіктерінің сөз
тіркесі синтаксисінде алатын орны қандай деген сұраққа жауап іздеу үшін
зерттеу еңбектеріне шолу жасап көрелік.
Зерттеу еңбектерінде есімдіктердің синтаксистік қызметі, негізінен,
сөйлем мүшелеріне қатысты қаралады. А.Ибатов пен Ə.Төлеуов
есімдіктердің синтаксистік қызметін олардың субстантивтік жəне
аттрибутивтік болып келу қасиетімен байланыстырады. Мəселен,
субстантивтік есімдік сөздер сөйлемнің барлық мүшесі бола алса,
аттрибутивтік есімдіктердің анықтауыштық қызметке бейім екендігін негізге
алады (Ибатов А., 1961). Ал олардың сөз тіркесіндегі қызметі туралы еш сөз
+болмайды. Тек Ə.Төлеуов: «Есімдіктер сөздердің жалпы синтаксистік бір
ерекшелігі – есімдіктердің өзіне бағыныңқы сөздері болмайды. Яғни,
есімдіктер сөйлемде қолданылғанда, ешқашан өзіне тəн анықтауыш немесе
пысықтауыш мүшелерді қажет етпейді» - деген ойын алға тартады (Төлеуов
Ə., 1963). Р.Əмір «есімдік – зат есім» типті сөз тіркестері туралы айта келе,
қабыса байланысқан сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде сілтеу
есімдіктерінің де қатысатынын айтады (Əмір Р., 1983). Ал С.Аманжолов
сілтеу есімдіктерінің шылау сөздердің меңгерілуінде қолданылатынын тілге
тиек етеді (соған бола бардым, бұған шейін жолықпадым, бұдан ары не
десін) (Аманжолов С., 1994). Академиялық грамматикада «есімдіктердің
ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары
болып жиі кездесетіндерінің» қатарында сілтеу есімдіктері (мына кітап, ана
тау, осы қала) де аталады (Қазақ грамматикасы, 2002). Сондай-ақ сілтеу
есімдіктерінің басыңқы сыңарда да жұмсалатындығын мынадай мысалмен
көрсетеді:
Тағдырың бүгін мұнда, ертең анда.
Жалпы, сілтеу есімдіктері есімдіктердің ішіндегі əлдеқайда белсенді
қолданысқа түсе алатын сөз таптарының бірі болып саналады.
Зерттеушілердің пікірінше, олар сөйлем мүшелерінің бəрінің қызметін атқара
алады. Яғни, олар, негізінен, сөйлем синтаксисі тұрғысынан көбірек
қарастырылады. Ал олардың есімдермен, етістіктермен тіркесу қабілеті,
басқа сөз таптарымен қандай байланысу формасы арқылы тіркесетіндігі,
сілтеу есімдікті сөз тіркестерінің құрылысы, мағыналық қатынастары сияқты
мəселелер онша көп сөз бола бермейді. Осы орайда С.Аманжоловтың мына
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
19
сөздерін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: «Бұл мəселе – синтаксистің
қарайтын ең негізгі жақтарының бірі. Қарым-қатынас дегеніміз – субъектінің
басқаға түсірген əсерінен болатын түрліше құбылыс. Екінші жағынан алып
қарағанда, сөздердің бірін-біріне жалғастырушы элементтерді тексеру де осы
қарым-қатыс мəселесі болып саналады. Сөйлем мүшелерінің бірімен-бірінің
қалай қарым-қатысқа енуі, қалай байланысып тұруы олардың негізгі
механизмі болып табылады» (Аманжолов С., 1994). Олай болса, сілтеу
есімдіктерінің сөйлемдегі негізгі механизмі болып табылатын сөз тіркесі
синтаксисіндегі қызметін арнайы қарастырып көрелік.
Ең алдымен, сілтеу есімдікті сөз тіркестерін есімді жəне етістікті деп екі
үлкен топқа бөліп қарастырған жөн. Бұл мақалада біз есімді сілтеу есімдікті
сөз тіркестерін негізгі объект етіп алдық.
Сілтеу есімдіктері «есімдік – есім» типті сөз тіркестерінде жиі
жұмсалады. Сілтеу есімдіктері басқа сөз таптарымен əртүрлі байланысу
формаларында тіркесіп, тіркесу аясы кең сөздердің бірінен саналады. Сөйтіп,
олар есімді қабысу, есімді матасу, есімді меңгеру, есімді қиысу жасап, дара
жəне күрделі түрде сөйлемде алуан түрлі мағыналық қатынастарда
жұмсалады. Енді сілтеу есімдіктерінің осы сөз тіркестеріндегі қызметіне
жеке-жеке тоқталып өтелік.
Ең алдымен, сілтеу есімдіктері зат есімдермен қабыса байланысуға
ерекше бейім келеді. Мұндай құрамды сөз тіркестерінде сілтеу есімдігі
бағыныңқы компонент ретінде жиі қолданылады жəне бұл олардың негізгі
синтаксистік қызметі десе де болады. Өйткені «сілтеу есімдігі – зат есім»
типті сөз тіркестерінің мағынасы сілтеу есімдіктерінің негізгі лексикалық
мағынасына сай келеді, яғни, олар аралық қатынастарды көрсету үшін
жұмсалады. Зат есімді қабысу жасауға, негізінен, бұл, осы, мына, сол, ол
есімдіктері қатысады. Олардың əлдеқайда белсенділері: бұл, осы, сол.
Мысалы:
Мауыздай-мауыздай жігіттер бұл кəсіпке тез төселіп, əлі жаны
шықпаған киіктерді пышақ сұғып өлтіріп, əлі жығыла қоймай, ілбіп
қашқандарын қуып жетіп, қанжармен қарш еткізіп қалады. (Ш.Айтматов)
Егер де аспан əлемінен бір көреген көз жер бетіне сол сəтте назарын
салса, Мойынқұм деген сахарада киік арандату апаты қалай өткенін жəне
оның ақыры немен біткенін сөз жоқ көрер еді. (Ш.Айтматов)
Ол жерде енді адамдар жүр... (Ш.Айтматов)
Гришаннан басқаларының бəрі де мына монтаны поп-сопы Авдий
Каллистратов не істемек болғанын түсіне алмай, орындарынан ұшып-ұшып
түрегелді. (Ш.Айтматов)
Осы пікірді бұл күндесексеннің төртеуіне шыққан əкемнің өзі де қостап,
қайталап отырудан жалықпайды. (С.Шаймерденов)
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
20
Дəл сол күндері баспада теріліп жатқан, мен мына сапардан оралғанша
кітап магазиндеріне түсіп те қалуға тиісті «Болашаққа жол» романымның
сиясы да кеппеген алғашқы тарауларын Қарағандыға келіп, «Оянған өлкені»
жазып жүрген кезінде уақыт бөліп мəн бере оқып, көпшілік көңілін аударған,
ресми орындарды хабардар еткен сол кісінің өзі. (С.Шаймерденов)
деген сөйлемдерден бұл кəсіпке, сол сəтте, ол жерде, мына монтаны,
осы пікірді, сол кісінің қабыса байланысқан сілтеу есімдікті сөз тіркестерін
байқаймыз. Мұндағы сілтеу есімдіктері аттрибутивті топты құрайтындықтан,
қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр.
Жалпы жоғарыда аталған сілтеу есімдіктері зат есімдермен еркін тіркеседі,
бұл жағдайды Р.Əмір есімдіктердің қатарында экспрессивті сөздердің
жоқтығымен түсіндіреді (Əмір Р., 1983). Сілтеу есімдіктері, көбінесе, зат
есімдермен қатар тұрып, дара сөз тіркесін құрау үшін байланысқа түседі. Бұл
құрамдағы сөз тіркестері деректі де, дерексіз де заттық ұғымдарға нұсқай
отырып, алыстық немесе жақындық сияқты аралық қатынастарды нұсқап
көрсетеді.
Сондай-ақ сілтеу есімдіктері күрделі қабысуда да жұмсалып,
аттрибутивтік мағынаны білдіреді. Əдетте мұндай қызметте осы есімдігі жиі
кездеседі де, бір сөзі арқылы күрделеніп, сөз тіркесін құрайды. Мына
мысалдарға көңіл аударып көрелік:
Осы бір заман ақыр тылсым сəтте Аққұртқа адамның əлпетін көзі
шалып қалды. (Ш.Айтматов)
Осы бір күйік ойдан Обер-Кандалов сылқита ішкісі келіп кетті.
(Ш.Айтматов)
деген сөйлемдерде осы бір сəтте, осы бір ойдан қабыса байланысқан
сілтеу есімдікті күрделі сөз тіркестері кездеседі. Мұндағы күрделену процесі
сілтеу есімдігі мен бір белгісіздік есімдігінің қатар келуі жəне басыңқы
компоненттің алшақ тұруы арқылы жүзеге асып отыр. Екі есімдіктің қатар
қолданылуы сөз тіркесін мағыналық жағынан байытып отырғандығы анық.
Өйткені осы есімдігі дерексіз заттық ұғымның айтушыға жақындық бағдарын
нұсқаса, бір есімдігі оған нақтылық мағына үстеп отыр. Яғни, осы сөзі дəл
қазіргі уақытты, дəл қазіргі уақытта туындаған ойды меңзесе, бір сөзі оны
нақтылай түсіп, тыңдаушының назарын зат есімге ерекше аударып тұр.
Осы іспетті хабарландырулар жиі-жиі қағылатын болғандықтан,
етіміз үйреніп кеткен ғой деймін, алса алып-ақ тастасын деп, жүре бердім.
(С.Шаймерденов)
Өй, ана Кəрімдегенің ит болып шықты деді, ол ай-шайға қарамастан.
(С.Шаймерденов)
деген сөйлемдерден сілтеу есімдікті күрделі қабысуды байқаймыз.
Мұндағы күрделену шылау сөздер мен көмекші етістіктің көмегімен жүзеге
асып отыр. Сілтеу есімдіктері матасу жасауға да белсене қатысады. Мына,
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
21
сол, ол, бұл, осы есімдіктері бағыныңқы компонент ретінде жұмсалып,
матасудың толық формасын құрайды. Матасудың толымды, толымсыз
түрлері туралы айта келіп, Р.Əмір: «Бағыныңқы компонент есімдік болғанда
сөз тіркесі матасудың толық формасы арқылы ғана тіркеседі. Бұның себебі,
бұл құрамдағы сөз тіркесінде релятивтік байланыс болмайды, ол тек
меншіктілік байланысты білдіреді: менің көмегім, сенің шаруашылығың», -
дейді (Əмір Р., 1983). Бұл пікірдің, негізінен, жіктеу есімдікті матасуларға
көбірек қатысты екендігін байқаймыз. Ал енді сілтеу есімдікті матасуға келер
болсақ, ол тек меншіктілік байланысты ғана білдіреді деп айта алмасақ керек.
Өйткені сілтеу есімдіктері зат есімдермен қатар басқа да сөз таптары:
есімдіктермен, көмекші есімдермен тіркесу арқылы матасу жасайды. Ең
алдымен, сілтеу есімдіктері зат есімдермен матаса байланысу арқылы
толымды сөз тіркесін құрайды. Мысалы:
Мұның шындығы сол – Нұрбаба əулетінің қайда екенін білеміз.
(С.Бақбергенов)
Мұның да алып-жұлып бара жатқан түгі жоқ. (С.Шаймерденов)
деген сөйлемдерден басыңқы сыңары шындығы, түгі зат есімдерінен
тұратын бағыныңқы сыңары мұның сілтеу есімдігінентұратын сөз тіркестерін
байқаймыз. Мұндағы меншіктеуші компонент – бұл есімдігінің ілік
септігіндегі өзгертілген формасы. Меншіктілік байланысты білдіруде осы
форма жиі кездеседі. Жəне де бұл байланыс зат есімдермен қатар тұрып та,
алшақ тұрып та жүзеге аса береді.
Сондай-ақ сілтеу есімдіктері матасу жасауда басыңқы компонент
ретінде қызмет атқарады. Ондай жағдайда осы, ол, сол сөздері жасырын
формалы жіктеу есімдіктеріне меншіктеліп, матасудың толымсыз формасын
құрайды.
Қарағым, осының ақыл. (М.Əуезов)
Сүлей саған ренжіп жүр ғой. Оның қалай? – деймін ғой.
(С.Шаймерденов)
Оным қателік. (С.Шаймерденов)
Соным ұнамады ма, кім білсін, Қаллекей бетіме тура қарады да
жылылығы да, зілі де жоқ бір кейіппен: ... (С.Шаймерденов)
Жоғарыдағы сөйлемдерде сенің осының, сенің оның, менің оным, менің
соным деген матаса байланысқан сөз тіркестері анық байқалып тұр. Мұндағы
сілтеу есімдіктері зат есім сөздердің орнына қолданылып, заттық мағынаға ие
болып отыр. Негізінде, аталған сілтеу есімдіктерінің заттың белгісі
ұғымындағы сөздер, яғни, аттрибутивтік сөздер екендігі белгілі. Алайда олар
матасу
құрамында
басыңқы
компонент
қызметіне
ауысқанда
субстантивтеніп, меншіктелуші затты білдіреді, нақтырақ айтсақ, сол затқа
нұсқап, сілтейді.
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
22
Сілтеу есімдіктері өздік есімдіктерімен матасу жасап тіркесуге де
қабілетті. Мұндай құрамдағы тіркестер туралы Р.Əмір былай дейді: «Зат есім,
жіктеу есімдіктері мен өз есімдігі матаса бірігіп, күрделі баяндауыш ретінде
жұмсалады. Бұл құрамдағы бастауыш екі түрлі мағынада жұмсалады:
а) субъектінің предикативтік іске қатысын айқындап білдіру үшін.
Інімнің өзі айтты.
Ə) субъектіні ерекшелеп, екпін түсіріп айту үшін. Далада қалған шөптің
өзі бір əкелуге жетер ме екен. (С.Ж.)» (Əмір Р., 1983). Біздіңше, өз
есімдігімен зат есім мен жіктеу есімдіктері ғана емес, сілтеу есімдіктері де
матаса бірігіп, күрделі баяндауышпен қатар басқа да сөйлем мүшесі
қызметінде жұмсала алады. Мына сөйлемдерге көңіл аударып көрелік:
Мұның өзі ойлаған адамға көп нəрсе айтып тұр. (С.Бақбергенов)
Соның өзінде де Авдий тірмізіктене тырмысып, тырнағының көбесін
еденнің тақтайына сөккізіп, шыбын жаны шырылдай жанталасты.
(Ш.Айтматов)
Мұның өзі, соның өзінде де деген сөз тіркестерінде матасуға тəн
грамматикалық мағына болғанымен, лексикалық мағынасы сай келмейді,
яғни, ешқандай меншіктілік байланысты көре алмаймыз. Мұндағы өз есімдігі
сілтеу есімдігіне тыңдаушының назарын ерекше аудару үшін жұмсалып
тұрған секілді. Екі есімдік те матаса бірігіп отырғандықтан, ой екпіні екеуіне
бірдей түсіріліп айтылған.
Сілтеу есімдіктерімен матаса бірігетін сөз таптарының бірі – көмекші
есімдер. Мына, бұл есімдіктері іші көмекші есімімен меншіктеуші компонент
ретінде байланысқа түседі де, заттық ұғымға ие болады. Мысалы:
Бұлардың ішінде оқшаулау тұрғаны – ең жасы Авдий деген жігіт еді.
(Ш.Айтматов)
Міне, мынаның ішінде біз адамдарға ажал себетін у, оба алып бара
жатырмыз. (Ш.Айтматов)
Іші бəрін сезеді бұның! – деп, мінбелете бастады. (М.Əуезов)
деген сөйлемдерде сілтеу есімдіктері көмекші есімдермен қатар тұрып
та, алшақ тұрып та тіркесіп, матасу жасап тұр.
Есімді меңгеру. Сілтеу есімдіктерінің меңгеру амалымен құралған
есімді тіркестерде жұмсалуы өте сирек кездесетін құбылыс. Бұл туралы
зерттеу еңбектерінде де көп айтыла бермейді. Тілдік материалдарға көз
жүгіртсек, мұндай құрамдағы сөз тіркестерін онша кездестіре қоймаймыз.
Тек бұл,ол есімдіктерінің шылау арқылы да, шылаусыз да зат есімге
меңгерілу жағдайын мына мысалдан байқаймыз:
Бұған кілем емес, - деп кекіре гүрілдеді Мишаш,- əлгіндей қылмысы үшін
Сібірге айдау керек! (Ш.Айтматов)
Одан соң маусым. (М.Əуезов)
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
23
Есімді қиысу. Сілтеу есімдіктері қиысу амалымен де басқа сөз
таптарымен байланысқа түседі. Əсіресе зат есімдермен тіркесу қабілеті
молырақ, сондай-ақ үстеулер, есімдіктің басқа түрлері мұндай құрамдағы сөз
тіркестерінің бір сыңары бола алады. Сілтеу есімдіктерінің қиысу жасаудағы
қызметін екі жақты қарастырған жөн. Ең алдымен, сілтеу есімдіктері
сөйлемдегі ойды тиянақтап, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Тілдік
материалдарға көз жүгіртсек, ондай қызметте осы, міне, мынау есімдіктерін
жиі кездестіреміз. Мысалы:
Өлген жеріңосы, көкжалдарым! (Ш.Айтматов)
Туған анамның дүние салғанына, міне, елу жылға жақындап қалса да,
əкемнің айнымас пікірі осы. (С.Шаймерденов)
Нəрестенің нəзік ерніне
Жаратылған ана сүтіндей...
Желіндегенде сөйткіш жер – міне! (С.Шаймерденов)
Міне, оның басындағы жоба осы. (С.Бақбергенов)
деген сөйлемдерде аталмыш есімдіктер сөйлем соңында келіп,
баяндауыш қызметінде зат есімді бастауыштармен қиыса бірігіп тұр. Сілтеу
есімдікті баяндауыштар нөлдік тұлғада болса, зат есімдер атау формасында
ғана емес, тəуелдік тұлғада да қиысудың бір сыңары қызметін атқара алады.
Ал төмендегі мысалдар сілтеу есімдігінің шылау мен көмекші етістіктердің
көмегімен күрделі қиысу құрай алатындығын көрсетеді:
... , оның үстіне Зейнолла екеуміздің де еңбегіміз бар болғандығынан, ақы
иесіне жетпей қалған сол өлең мынау еді: ... ( С.Шаймерденов)
Уа, сөз төресі осы да! (М.Əуезов)
Не сөз барын білмесе де соған аттанып бара жатқан беті осы еді.
(М.Əуезов)
Сілтеу есімдіктерінің қиысу жасаудағы екінші қызметі олардың
бастауыш қызметін атқаруымен байланысты. Бастауыш қызметінде,
негізінен, бұл, мынау, есімдіктері көбірек жұмсалады. Олар баяндауышпен
қатар тұрып та, алшақ тұрып та қиысу амалымен байланысқа түседі. Мысалы,
мына сөйлемдерге көңіл аударып көрелік:
Бұл əпке мен інінің соңғы кездесуі еді. (Ш.Айтматов)
Бұлар он жеті, жиырма жастар айналасындағы қазақ оқушылары
тəрізді. (М.Əуезов)
Міне, қызық, мынау Шыңқұздың өзі ғой. (С.Бақбергенов)
Қандай заман бұл өзі! (С.Бақбергенов)
Ол дегеніңрас, мен де аңғарып қалдым. (М.Əуезов)
Сілтеу есімдікті бастауыштар таза күйінде де, көптік тұлғада да, күрделі
құрамда да ұшырасады. Ал олардың баяндауыш сыңарлары, негізінен, зат
KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ
24
есімнен болып келеді. Олар да шылаулар мен көмекші етістіктер арқылы
күрделеніп жұмсалған. Күрделену процесі қиысудың екі сыңарына да бірдей
тəн екендігін байқауға болады. Мұндағы күрделендіруші элементтердің бірі –
өзі есімдігі.
Пайдаланған əдебиет:
1. Аманжолов С.М. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.
Алматы, 1994. 143- б.
2. Əмір Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 19-22-бб.
3. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис.
Астана, 2002. 616-б.
5. Төлеуов Ə. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1963
Достарыңызбен бөлісу: |