Іскерлік ойынды өткізу үшін топ екіге бөлінеді. Екі топ өздерінің топтарының атын таңдайды.
Екі топ қатысады
І. Оқытушы екі топқа бес сұрақтан береді: Бірінші топқа: 1. «Экономия» терминін алғаш ұсынған кім? (Ксенофонт)
2. Экономикалық теория нешеге бөлінеді? (2 – макроэкономика, микроэкономика) 3. Марксизмнің негізін салушы (Карл Маркс) 4. «Мерканте» сөзі итальян тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (саудагер) 5. Адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді (еңбек) Екінші топқа: 1. «Саяси экономика» ұғымын алғаш енгізген кім? (А.Монкретьян) 2. Экономикалық теорияның неше атқаратын қызметі бар? (5) 3. Карл Маркстің басты еңбегі («Капитал») 4. Француз тілінен аударғанда маржинал сөзі қандай мағына береді? (шекті) 5. пайдалы өнім шығару процесі (өндіріс)